Архив
Центральный аппарат "Өрлеу"
Размещено 6 месяцев тому назад

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Цифрландыру және СММ департаменті директорының орынбасары лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бағыт бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жыл-дан кем емес жұмыс өтілі, мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеруі тиіс.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Ғылым туралы», «Қазақстан Рес-публикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамыту бағыттары мен перспективаларын ай-қындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер, цифрландыру, ақпараттық қауіпсіздік, жаңа технологияларды енгізу, жарнама саласындағы қызметті рет-тейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, бұқаралық ақпарат құралдары заңнамасының негіздері, қоғамдық қа-тынастар, авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы кәсіби-этикалық принциптердің халықаралық және ұлттық кодекстері, ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын.

Негізгі міндеттері:

  • құрылымдық бөлімшенің құзыреті шегінде Қоғамның стратегиялық міндеттерін әзірлеуге және іске асыруды қамтамасыз етуге;
  • басқарушылық, оқу және әдістемелік жұмыстың барлық салаларына ақпараттық технологияларды ендіру үшін жағдайлар жасауға;
  • Департамент директорының қарауына ақпараттық технологиялар және жұртшылықпен байланыс саласындағы филиалдардың қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлау жөнінде ұсыныстар енгізуге;
  • Қоғам қызметін БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және қоғамның интернет-ресурстарында жариялау мәселелерін шешу жолдарын айқындауға;
  • Қоғамның интернет-ресурстарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуді үйлестіру;
  • курстық және курсаралық іс-шараларды оқу және әдістемелік қолдауды виртуалды-интерактивті технологияландыруды дайындауды қамтамасыз етуге;
  • Қазақстан Республикасының біліктілікті арттыру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау, білім беруді ақпараттандыру мәселелері бойынша жетекші оқу орындарымен, жақын және алыс шетел ғалымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдалануға және дамытуға;
  • біліктілікті қашықтықтан арттыру, орталық сервер порталын мультимедиялық және виртуалды-интерактивті, бейне оқыту материалдарымен толықтыру бойынша оқу іс-шараларын әзірлеу және бекіту процесіне жетекшілік етуге;
  • кадрлардың біліктілігін қашықтықтан арттыру мен қайта даярлау курстарын ұйымдастыруды, филиалдарды ақпараттандыруды бақылауға;
  • қазақстандық және шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастыққа бастама жасауға және қолдауға;
  • сервердегі деректер базасы бойынша жұмыс жасау, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының, білім басқармасы органдары мен әдістемелік қызметтердің басшы, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік кадрларының сабақтастығын, біліктілігін арттырудың үздіксіздігін қамтамасыз ету процесін реттеуге;
  • Қоғамның барлық құрылымдары жұмыскерлерінің ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша ұсынымдарын жасауға, практикалық көмек көрсетуге.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 ж. 11.11. қоса есептеген мерзімге дейін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны:
8 (7172) 57-46-01, құқықтық және кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2024 жылғы 12 қараша, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job