Архив
Центральный аппарат "Өрлеу"
Размещено 6 месяцев тому назад

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе тиісті бейіні бойынша өзге кәсіптік білім, білім беру ұйымдарындағы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл, мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеруі, ағылшын тілін еркін меңгеруіне басымдық беріледі.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік мүліктуралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамыту бағыттары мен перспективаларын; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартын; андрагогиканы, синергетиканы, педагогиканы, психологияны; педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін; педагогикалық әдеп нормаларын; менеджмент, экономика, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін; компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияны айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды; ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын.

Негізгі міндеттері:

  • Қоғамның филиалдарын оқу жұмысының басым бағыттары бойынша қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге;
  • ересектердің біліктілігін арттыру және оларды оқыту жүйесінің жай-күйі туралы деректер банкін (ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау, талдау) қалыптастыру жөніндегі жұмысты үйлестіруге;
  • білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша тыңдаушының қаражаты есебінен мемлекеттік тапсырманың, мемлекеттік сатып алу шеңберінде көрсетілетін қызметтердің, білім беру қызметтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
  • педагогтердің жоспарланатын контингентін бөлу жобаларын әзірлеуге;
  • Қоғамның ішкі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес оқу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне қатысуға;
  • білім беру қызметін ұйымдастыруда жаңа тұжырымдамалық тәсілдерді әзірлеу және ендіру кезінде ұсыныстарды, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді талдауды беруге;
  • Қоғамның оқу қызметі мәселелері бойынша деректерді жинауды, талдамалық есептер мен ақпараттық анықтамалар дайындауды жүзеге асыруға;
  • Қоғамның оқу қызметін жоспарлауды және оның нормаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға;
  • филиалдардың мамандарына біліктілікті арттыру мәселелері бойынша, біліктілікті арттырудың түрлері мен нысандарын айқындауда консультациялық көмек ұйымдастыруға қатысуға;
  • аудиториялық қорды ұтымды пайдалану және оқу жүктемесі бойынша ұсынымдар дайындауға қатысуға;
  • филиалдардың оқу-тақырыптық жоспарларының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға;
  • филиалдардың оқу құжаттамасына жүйелі талдау мен бақылау жүргізуге;
  • оқу процесін регламенттейтін нормативтік құжаттардың электрондық базасын жасау шеңберінде бүкіл оқу құжаттамаларын автоматтандырылған дайындауды жүзеге асыру.

 

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 ж. 18.11. қоса есептеген мерзімге дейін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны:
8 (7172) 57-46-01, құқықтық және кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2024 жылғы 19 қараша, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job