«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттықорталығы» АҚ Құқықтық және кадрлық жұмыс департаментінің бас маманы – заңгері бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) заң білімі, заңгер лауазымындағы кемінде үш жыл жұмыс өтілі, мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеруі тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының азаматтық, кәсіпкерлік, коммерциялық, әкімшілік, еңбек, қаржылық, салық және заңнаманың өзге де салаларын, төрелік, процестік, азаматтық процестік құқықты реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін әдістемелік материалдар, ұйымның бейіні, мамандануы және құрылымының ерекшеліктері, азаматтық, кәсіпкерлік, коммерциялық, әкімшілік, қаржылық, салықтық және басқа да салалар заңнама, төрелік іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздері, құқықтық құжаттарға сәйкес іс қағаздарын жүргізу стандарттары, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сот органдарының құрылымы, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құқықтық құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі , әкімшілік негіздері, іскерлік қарым-қатынас этикасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.
Негізгі міндеттері:
- сенімхат бойынша Қоғам атынан талап арыздар жасауға, соттарға қатысуға, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда Қоғамның мүдделерін білдіруге;
- наразылық және сот істерін қарау нәтижелерін талдауға және қорытындылауға, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жою және Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметін жақсарту туралы тиісті ұсыныстар әзірлеу мақсатында шарттарды (келісімшарттарды) жасасу және орындау практикасын зерделеуге;
- контрагенттер мен өзге де тұлғалардың наразылықтары мен талаптарына жауап дайындау үшін анықтамалардың, есептемелердің, түсініктемелердің және басқа да материалдардың уақтылы ұсынылуын бақылауға;
- компьютерлік техниканы қолдана отырып, заңнама және нормативтік актілер бойынша анықтамалық-ақпараттық жұмыс жүргізуге, сондай-ақ Қоғам қызметі саласындағы нормативтік актілерді есепке алуға;
- жұмыскерлерге Қоғам қызметі шеңберінде заңнаманы түсіндіру бойынша құқықтық көмек көрсетуге, сондай-ақ Қоғам қызметіне қатысты заң мәселелері бойынша қорытындылар жасауға;
- кері қайтарып алуға түсетін шарттардың, келісімдердің, кепілдік міндеттемелердің және ішкі құжаттардың жобаларына құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар дайындауға, сондай-ақ Қоғам қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысуға;
- басқа бөлімшелермен бірлесіп Қоғамда қолданылатын бұйрықтарды және шығарылған басқа да ішкі құжаттарды өзгерту немесе күшін жою туралы ұсыныстар дайындауға;
- шарттар жасасу, олардың заңдық негізділігі туралы қорытындылар дайындауға, сондай-ақ ұжымдық шарттың талаптарын әзірлеу жөніндегі жұмысқа қатысуға;
- дебиторлық және кредиторлық берешек туралы мәселелерді қарауға және шарттық, қаржылық және еңбек тәртібін нығайту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қатысуға;
- өз құзыреті шеңберінде ұйымдардан келіп түскен сұрау салуларға, азаматтардың өтініштеріне жауаптар дайындауға;
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);
– дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 жылғы 20 желтоқсанды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2024 жылғы 23 желтоқсан, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 31 кабинет.
Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.