«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Цифрландыру және СММ департаментінің маркетинг және СММ басқармасының SMM/PR маманы бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды
Архив
Центральный аппарат "Өрлеу"
Размещено 3 месяца тому назад
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Тиісті бағыт бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс саласында қосымша білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс. Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеруі тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Ғылым туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер, қоғаммен байланыс, бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама саласындағы мәселелерді реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер; нарықтық экономика, кәсіпкерлік және менеджмент негіздері, ақпараттық нарық конъюктурасы, әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу технологиясы; дағдарыс жағдайларындағы жұмыс әдістері; жарнамалық және ақпараттық науқандарды жоспарлау және ұйымдастыру әдістері; бағдарламалар мен іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету туралы шарттар (келісімшарттар) жасасу; заманауи ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктері, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.
1. жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға;
2. бұқаралық ақпарат құралдарында баспасөз конференцияларын, брифингтерді, медиа-киттерді, бэкграундтарды, Қоғам басшыларының сұхбаттарын ұйымдастыруға;
3. қоғамның қызметі туралы баспасөз релиздерін, корпоративтік бюллетеньдерді, бұқаралық ақпарат құралдары үшін Қоғам қызметі туралы өзге де ақпараттық материалдарды дайындауды ұйымдастыруға, Қоғамның жария есепті құжаттамасын дайындауға;
4. қоғамның түрлі акцияларды (көрмелер, баспасөз конференциялары, презентациялар, фестивальдар, қайырымдылық акциялары және т. б.) ұйымдастыруға қатысуы жөніндегі ұсыныстарды талдауға;
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);
-дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 07 ақпанды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Құқықтық және кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2025 жылғы 10 ақпан, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 28 кабинет.
Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.