Архив
Центральный аппарат "Өрлеу"
Размещено 3 месяца тому назад

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге кәсіптік білім, педагогикалық жұмыста кемінде 5 жыл жұмыс өтілі; ғылыми немесе академиялық дәрежесі болған жағдайда педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл; мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеруі, ағылшын тілін еркін меңгеруіне басымдық беріледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік мүліктуралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамыту бағыттары мен перспективаларын; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартын; андрагогиканы, синергетиканы, педагогиканы, психологияны; педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін; педагогикалық әдеп нормаларын; менеджмент, экономика, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін; компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияны айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды; ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.

Негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік тапсырма және мемлекеттік тапсырыс негізінде оқу жұмысын жоспарлауға қатысуға;

2) филиалдарда курстық іс-шаралар жоспарын және профессорлар мен оқытушылар құрамының оқу жүктемесін орындау бойынша оқу қызметін бақылауды жүзеге асыруға;

3) филиалдардың мамандарына оқу қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетуге;  

4) сұратылатын нысан бойынша Қоғам филиалдарының ағымдағы жылғы қызметі туралы жартыжылдық және жылдық талдамалық есептер үшін материалдар дайындауға;

5) сұратылатын нысан бойынша Қоғам филиалдарының ағымдағы жылғы оқу қызметі мәселелері бойынша жартыжылдық және жылдық талдамалық есептер (кестелерімен, слайдтарымен, диаграммаларымен) және ақпараттық анықтамалар үшін материалдар дайындауға;

6) департамент директорымен бірлесіп жоспарлы тапсырмалардың жасалуы мен орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, жұмыстың нәтижелілігін талдауға, есептіліктің уақтылы жасалуын қамтамасыз етуге;

7)қоғам басшылығына ұсынылатын нормативтік құқықтық, ұйымдастырушылық, ақпараттық-техникалық және өзге де құжаттаманы талдауға;

 Ұсынылатын құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);

– фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);

-дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру  (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 17 ақпанды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Құқықтық және кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2025 жылғы 18 ақпан, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 28 кабинет.

Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job