Архив
“Өрлеу” по Западно-Казахстанской области
Размещено 1 месяц тому назад

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, тиісті мамандық (біліктілік) бойынша жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бір жылдан кем емес.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Еңбек кодексін», “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңдарын, Қазақстан Республикасының ақпараттық технологиялар, жүйелер және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мәселелерді реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін, аппараттық және бағдарламалық құралдардың жұмыс істеу мен құрылымының жалпы қағидаттарын, желілік әкімшілендіруді ұйымдастыру негіздерін, бағдарламалау негіздерін, ақпаратты өңдеу кезінде есептеу техникасын бағдарламалау, ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидалары, еңбек қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.

Жеке қасиеттері:

  • Көпшіл.
  • Жауаптылық.
  • Командада және көптапсырма режимінде жұмыс істей білу.

Ақпараттық технологиялар және медиа қызметінің жүйе әкімшісінің міндеттері:

  1. серверге және жұмыс станциясына операциялық жүйелер мен жұмыс істеу үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату;
  2. серверде және жұмыс станциясында бағдарламалық қамтамасыз етуді конфигурациялау;
  3. сервер мен жұмыс станциясының бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етудің жұмысқа жарамды күйде ұстау;
  4. желілік ресурстарға қол жеткізу құқығын белгілеу және пайдалануды бақылау;
  5. желі мониторингін жүргізу, желі инфрақұрылымын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  6. желілік қауіпсіздікті (ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден, жүйелік файлдар мен деректерді қараудан немесе өзгертуден қорғауды), желіаралық өзара іс-қимыл қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  7. жергілікті есептеу желісін, серверді және жұмыс станциясын вирусқа қарсы қорғау;
  8. Zoom, vMix-те онлайн кездесулер мен конференциялар ұйымдастыру;
  9. Филиал компьютерлерінің, ұйымдастыру техникасының, серверлері мен желілік жабдықтарының жұмысқа жарамдылығын қолдау;
  10.  ақауларды жедел диагностикалау және оларды жою;
  11.  пайдаланушыларды жабдықпен жұмыс істеу жөнінде жүйелі оқыту;
  12.  Қоғам және Филиал қызметі шеңберінде LMS платформасының ішкі және сыртқы пайдаланушыларына техникалық қолдау көрсету;
  13.  «Ұстаз» платформасында пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсету.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар әкімшілік -кадрлық жұмыс басқармасы кадр мәселелері жөніндегі бас маманына көрсетілген құжаттардың көшірмелерін (нотариалды куәландырған) жеке өзі тапсырады:

  • конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;
  • фотосуреті бар түйіндеме;
  • ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қаңдастар жергілікті атқарушы органдар берген қаңдас куәлігін ұсынады;
  • шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын  шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
  • қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірбиесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері.

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 18 сәуірді қоса есептегенде БҚО, Орал қаласы, Абай даңғылы 238/2, 2 қабат, 203-кабинет мекенжайы бойынша немесе e-mail: zkoipk@orleu-edu.kz  электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7112) 24-07-93,                      8-701-154-55-81

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2025 жылдың 21 сәуір күні, сағат 10:00е БҚО, Орал қаласы, Абай даңғылы 238/2, 2 қабат, 203-кабинет

Кандидаттың құжаттарды уақытылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job