Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 6 дня ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: «В» санаты бойынша жүргізуші куәлігінің болуы, сондай-ақ «D» санатының болуы және көлік құралын басқару өтілінің кемінде үш жыл болуы қажет. 

Білуге тиіс: 

автомобильдердің жол жүрісі және техникалық пайдалану қағидалары; Қызмет көрсетілетін автомобильдердің агрегаттарының, механизмдері мен аспаптарының мақсаты, құрылымы, жұмыс істеу қағидаты және жұмыс тәртібі; Автомобильдерді пайдалану процесінде туындайтын ақаулардың себептері мен оларды анықтау және жою тәсілдері; Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету тәртібі, оларды гараждарда және ашық тұрақтарда сақтау қағидалары; Аккумуляторлық батареялар мен автомобиль шиналарын пайдалану қағидалары; Жаңа автомобильдерді іске қосу және күрделі жөндеуден кейінгі пайдалану тәртібі; Ауа райы жағдайларының көлік жүргізу қауіпсіздігіне әсері және жол-көлік оқиғаларын болдырмау тәсілдері; Жол-көлік оқиғасы кезінде жолаушыларды шұғыл эвакуациялау тәртібі; Бастапқы жанармаймен толтыру қағидалары; Қызмет көрсетілетін автомобильдің жұмысын есепке алу құжаттамасы; Еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің қағидалары; Еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, өрт қауіпсіздігі және ақпараттық қауіпсіздік талаптары. 

Негізгі міндеттері: 

  1. өзіне бекітілген Қоғамның қызметтік көлігінің техникалық жарамды жай-күйін қамтамасыз етуге және оның сақталуын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдауға; 
  1. жол жүрісі қағидаларына сәйкес Қоғамның қызметтік көлігін басқаруға, жолаушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, сондай-ақ көліктің техникалық жарамдылығын барынша қамтамасыз етуге; 
  1. Қоғамның қызметтік көлігінің техникалық жай-күйін үнемі қадағалауға және оны қауіпсіз пайдалануға қатысты қажетті жұмыстарды өз бетінше орындауға; 
  1. көлікті уақтылы техникалық қызмет көрсетуден және техникалық байқаудан өткізуге; 
  1. Қоғамның қызметтік көлігінің қозғалтқышын, шанағын және салонын таза күйде ұстауға; 
  1. белгіленген тәртіппен міндетті медициналық қарап-тексеруден өтуге; 
  1. жұмыс алдында және жұмыс барысында алкогольді, психотроптық, ұйықтататын және ағзаның жұмыс қабілетін төмендететін өзге де заттарды пайдаланбауға; 
  1. Қоғамның қызметтік көлігін басқаруға, сондай-ақ оған жанар-жағармай материалдарын уақтылы құюды қамтамасыз етуге; 
  1. жол парақтарын дұрыс ресімдеуге және жұмыс пен демалыс уақытының белгіленген режимін сақтауға; 
  1. жұмыс барысында туындайтын көліктегі ақауларды дер кезінде анықтап, оларды жою шараларын қабылдауға; 
  1. сеніп тапсырылған автокөліктің сақтандыру полисі мен техникалық байқау мерзімдерінің өтуіне дейін басқарма бастығын уақтылы хабардар етуге. 

Ұсынылатын құжаттар тізбесі 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады: 

  • Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме); 
  • фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме); 
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты; 
  • қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады; 
  • шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі; 
  • қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері); 

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады. 

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді. 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 09 маусым қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі. 

Сұхбат өткізу күні және орны: 

2025 жылғы 10 маусым, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет. 

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. 

Apply For This Job