«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы бойынша әкімшілік-кадрлық жұмыстар бөліміне (заңгер) бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Актуалды
Түркістан облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 2 дня ago
Бос орын түрі: бос лауазымға орналасу туралы конкурс
Құжаттарды қабылдау күні: 10.07.2025ж.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 14.07.2025ж.
Жауапты: әкімшілік-кадрлық жұмыс бөлімі
Байланыс e–mail: orleu_turkestan_info@orleu-edu.kz
Телефон: 8(747) 7312727
Әкімшілік-кадрлық жұмыстар бөліміне (заңгер) -1 бос жұмыс орны
Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 8.30-ден 18.00-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Біліктілік талаптары: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бір жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Білуге тиіс:Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, “Білім туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының заңдарын, ұйымда іс қағаздарын жүргізу жөніндегі әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды, іс қағаздарын жүргізу және мұрағат системы жүйесінің негізгі ережелерін, ұйымның құрылымын білуге тиіс ұйымдық-өкімдік құжаттаманың бірыңғай жүйесінің стандарттары, қызметтік құжаттар мен материалдардың өтуін бақылау тәртібі, Еңбекті ұйымдастыру негіздері, есептеу техникасын пайдалану қағидалары, еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Жеке қасиеттері:
- Коммуникабельділік
- Жауапкершілік
- Командада және көп міндетті режимде жұмыс істей алу қабілеті
Құжаттар тізімі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға әкімшілік-кадрлық жұмыстар бөлімінің персоналмен жұмыс жөніндегі бас маманына келесі құжаттарды электронды түрде (сканерленген көшірмелер) немесе жеке өзі тапсыруы тиіс:
- Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім (Қоғам сайтындағы форма бойынша);
- Конкурс комиссиясының төрағасына жазылған өтініш;
- Жеке деректер, еңбек тәжірибесі, білім, жобаларға қатысу, жетістіктер, тілдерді меңгеру және қызығушылықтар (хобби) туралы толық әрі шынайы мәліметтер көрсетілген фотосуретімен түйіндеме (резюме);
- Кәсіби білімін, жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар: жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми дәрежесі (PhD, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы), ғылыми атағы (профессор, қауымдастырылған профессор, доцент), қайта даярлау мен біліктілікті арттыру туралы құжаттар, ғылыми еңбектер мен әдістемелік жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), еңбек кітапшасының немесе еңбек қызметін растайтын басқа құжаттардың көшірмесі, қажет болған жағдайда – алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат;
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты. Кандастар – жергілікті атқарушы орган берген қандас куәлігін;
- Қазақстан Республикасындағы шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлғаның ықтиярхаты не босқын куәлігі (егер бар болса);
Конкурсқа келген кезде барлық жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда, конкурсқа қатысушы өз білімі, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 14.07.2025 ж. дейін Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы , Жібек жолы көшесі 67 мекен-жайы немесе e-mail: orleu_turkestan_info@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(747) 7312727
Сұхбат өткізілетін орын:
Түркістан қаласы, Жібек жолы 67.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.