Актуалды
Түркістан облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 3 дня ago

Бос орын түрі: бос лауазымға орналасу туралы конкурс

Құжаттарды қабылдау күні: 10.07.2025ж.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 14.07.2025ж.

Жауапты: әкімшілік-кадрлық жұмыс бөлімі

Байланыс email: orleu_turkestan_info@orleu-edu.kz

Телефон:  8(747) 7312727

Бос орын атауы: 

Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімі бас маман -1 бос жұмыс орны

Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 8.30-ден  18.00-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Біліктілік талаптары: Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша білімі және қаржы-бухгалтерлік салада, жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, соның ішінде басшылық лауазымда жұмыс өтілі болуы тиіс. 

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының “Бюджет кодексі”, “Білім туралы“,”Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңдарын және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есептілікті жасау жөніндегі әдістемелік материалдар,бухгалтерлік есепке алу мен ұйымның шаруашылық қызметін талдаудың нысандары мен әдістері, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары, экономика негіздері,құжаттық тексерулер мен мүлікті тексеру жүргізу тәртібі, міндеттемелер мен шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізудің дұрыстығы, құжат айналымын ұйымдастыру және бухгалтерлік есепке алу шоттарында операцияларды құжаттамалық ресімдеу мен көрсету тәртібі негізгі құралдардың, тауар-материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының қозғалысына байланысты, шоттардың жоспары мен хат-хабарлары, қаржы, шаруашылық, салық заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың негіздері, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру,шаруашылық жүргізу әдістері, есептеу техникасын пайдалану қағидалары,ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидалары, еңбек қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.

Жеке қасиеттері

·         Көпшіл

·         Жауаптылық

·         Командада және көптапсырма режимінде жұмыс істей білу

Тапсырылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Әкімшілік-кадр жұмысы бөлімінің  Персоналмен жұмыс жөніндегі бас маман электронды түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі тапсырады:

конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;

суреті бар түйіндеме;

ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын  шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірбиесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері.

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 14.07.2025 ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Түркістан қаласы , Жібек жолы көшесі 67 мекен-жайы немесе e-mail: orleu_turkestan_info@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(747) 7312727

Сұхбат өткізілетін орын:

Түркістан  қаласы, Жібек жолы 67.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job