«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы бойынша Ақпараттық технологиялар және медиа қызметі-Кітапханалық-ақпараттық және редакциялық-баспа қызметі бойынша жетекші маман бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Актуалды
Түркістан облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 20 часа ago
Бос орын түрі: бос лауазымға орналасу туралы конкурс
Құжаттарды қабылдау күні: 18.08.2025ж.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 14.07.2025ж.
Жауапты: әкімшілік-кадрлық жұмыс бөлімі
Байланыс e–mail: orleu_turkestan_info@orleu-edu.kz
Телефон: 8(747) 7312727
Бос орын атауы:
Ақпараттық технологиялар және медиа қызметі-Кітапханалық-ақпараттық және редакциялық-баспа қызметі бойынша жетекші маман -1 бос жұмыс орны
Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 8.30-ден 18.00-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Кітапхана ісі, ақпараттық технологиялар, педагогика, мәдениеттану немесе соған ұқсас мамандықтар бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Кітапхана, баспа, ғылыми немесе білім беру ұйымдарында кемінде 2 жылдық жұмыс тәжірибесі;
- Электрондық ресурстармен және ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу тәжірибесі;
- Конференциялар мен кәсіби іс-шараларды ұйымдастыру тәжірибесі;
- Коммуникациялық дағдылары жақсы, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары болуы.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Еңбек кодексін», “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңдарын, Қазақстан Республикасының ақпараттық технологиялар, жүйелер және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мәселелерді реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін, аппараттық және бағдарламалық құралдардың жұмыс істеу мен құрылымының жалпы қағидаттарын, желілік әкімшілендіруді ұйымдастыру негіздерін, бағдарламалау негіздерін, ақпаратты өңдеу кезінде есептеу техникасын бағдарламалау, ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидалары, еңбек қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.
Негізгі міндеттері:
- Электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс жүргізу (электрондық кітапхана, деректер базалары, цифрлық архивтер және т.б.);
- Кітапхана қорын толықтыру, жүйелеу және қолжетімді ету;
- Конференциялар, оқыту семинарлары және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- Оқырмандар мен пайдаланушыларға ақпараттық қолдау көрсету;
- Кітапхана және ақпараттық технологиялар саласындағы жаңа трендтерді бақылау және енгізу.
Тапсырылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасы кадр мәселелері жөніндегі бас маманына көрсетілген құжаттардың көшірмелерін (нотариалды куәландырған) жеке өзі тапсырады:
- конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;
- фотосуреті бар түйіндеме;
- ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қаңдастар жергілікті атқарушы органдар берген қаңдас куәлігін ұсынады;
- шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
- қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірбиесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 18.07.2025 ж. дейін Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы , Жібек жолы көшесі, 67 мекен-жайы немесе e-mail: orleu_turkestan_info@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(747) 7312727
Сұхбат өткізілетін орын:
Түркістан қаласы, Жібек жолы 67.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.
Үміткердің құжаттарды уақтылы емес немесе толық емес тапсыруы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.