Түркістанда «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтының жаңа филиалының ресми ашылуы өтті.



Іс-шара дәстүрлі сәтпен – құрметті ұстаз Жарқынбек Құлбайымбетовтің берген батасымен басталды. Ол – «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, КСРО халық ағарту ісінің үздігі, қала мен облыстың құрметті азаматы.
Салтанатты лентаны ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев пен Жарқынбек Құлбайымбетов қиды.
Содан кейін қатысушылар жаңа филиалдың оқу кеңістігімен танысты: STEAM зертханасы, психология студиясы, ICT-коворкинг және басқа да заманауи жабдықталған орталықтар көрсетілді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар