Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 недели ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бағыт бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласында кемінде соңғы үш жыл жұмыс өтілі, мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеруі.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Салық кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы”, “білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы”, “Мемлекеттік мүлік туралы” және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар; компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (Word, Excel, PowerPoint, Outlook, 1C бухгалтерлік есеп 8.3.); Қазақстан Республикасының өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметті реттейтін салалардағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, ұйымдағы шаруашылық қызметті бухгалтерлік есепке алу мен талдаудың нысандары мен әдістері, халықаралық қаржылық есептілік стандарттары, экономика негіздері, Құжаттамалық тексерулер мен тексерулер жүргізу тәртібі, мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізудің дұрыстығы, құжат айналымын ұйымдастыру бухгалтерлік есеп шоттарында операцияларды құжаттау және көрсету тәртібі, негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының қозғалысына, шоттардың жоспары мен хат-хабарларына, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың негіздеріне, экономикаға, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыруға, шаруашылық жүргізу әдістеріне, есептеу техникасын пайдалану қағидаларына, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларына, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларына, өрт қауіпсіздігінің, ақпараттық қауіпсіздіктің талаптарына байланысты.

Негізгі міндеттері:

  1. Филиалдардың қаржыландыруға өтінімдерін тексеру.
  2. Филиалдардың қаржыландыруға өтінімдері бойынша төлем тапсырмаларын қалыптастыру, төлемдерді екінші деңгейлі банктер және Қазынашылық арқылы жүргізу (мемлекеттік тапсырыс болған жағдайда), сондай-ақ 16 филиалдың шығыстарын төлеуді қамтамасыз ету.
  3. Мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша филиалдардың көрсетілген қызмет актілері мен электрондық шот-фактураларын рәсімдеу және осы шарттардың орындалуын мониторингтеу.
  4. Есепті бухгалтерлік құжаттамаларды бастапқы бухгалтерлік жазбаларға негіздеп дұрыс дайындау, белгіленген мерзімде тиісті органдарға ұсыну.
  5. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды белгіленген тәртіппен Қоғамның архивіне тапсыру және рәсімдеу.
  6. Филиалдардың дебиторлық берешегін белгіленген мерзімде өндіріп алу, кредиторлық берешекті өтеу, төлем тәртібін сақтау.
  7. Ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен заңсыз жұмсалуын, қаржылық және шаруашылық заңнаманың бұзылуын болдырмауға бағытталған іс-шараларды орындау.
  8. Басшыларға, кредиторларға, инвесторларға, аудиторияларға және басқа бухгалтерлік есепті пайдаланушыларға есеп бағыттары бойынша салыстырмалы әрі сенімді бухгалтерлік ақпаратты қамтамасыз ету.
  9. Орталық аппараттың 1С Бухгалтерия ақпараттық жүйесінде алдын ала есептерді тексеру және енгізу.
  10. Бухгалтерлік ақпарат базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстарды орындау.
  11. Қоғамның барлық филиалдық құрылымдық бөлімдерімен өзара іс-қимыл жасау, филиалдардың іскерлік шығындарының дұрыс көрсетілуін бақылау.
  12. Филиалдардың қолма-қол қаражатын, есепшоттағы тұлғалармен есеп айырысуын, еңбекақы, дебиторлық және кредиторлық берешектерін инвентаризациялау жұмыстарын жүргізу.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 03 қазанды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2025 жылғы 06 қазан, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job