Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 недели ago

Біліктілік талаптары: Тиісті мамандық бойынша жоғары педагогикалық немесе кәсіби білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім; білім саласында кемінде бес жыл еңбек өтілі, оның ішінде жетекші лауазымда кемінде үш жыл жұмыс өтілі; ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар үміткестер немесе «Болашақ» халықаралық шәкіртақысының түлектері үшін білім саласындағы еңбек өтілі кемінде үш жыл болып табылады, жетекші лауазымдағы еңбек өтілі талап етілмейді; мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін, ағылшын тілін меңгеру.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Ғылым туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын; білім берудің бағыттары мен даму перспективаларын анықтайтын мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерді.

Негізгі міндеттері:

  1. Стратегиялық жоспарлауға қатысу, даму перспективаларын анықтау, қойылған міндеттерді шешу жолдарын таңдау;
  2. Қоғамның стратегиялық мақсаттарын жасау және тиімді іске асыру үшін қажетті критерийлер мен әдістерді жетілдіру;
  3. Қоғам басшылығына ұсынылатын нормативтік-құқықтық, әдістемелік, методологиялық, ұйымдастырушылық, ақпараттық-техникалық құжаттаманы талдау;
  4. Қоғамның жұмыс жоспарына сәйкес стратегиялық құжаттарды әзірлеу және халықаралық ынтымақтастық бойынша перспективалық жылдық жоспарлауды ұйымдастыру және жоспарлардың орындалуын бақылау;
  5. Қоғамның стратегиялық міндеттерін тиімді іске асыру үшін құрылымдық бөлімшелерді үйлестіру;
  6. Қоғамның стратегиялық жоспарларының орындалуын мониторингтеу және қажет болған жағдайда олардың жүзеге асырылуы барысында өзгерістер енгізу;
  7. Стратегиялық жоспарлардың орындалуы және Қоғамның негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді дайындау;
  8. Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, оның ішінде серіктестік қатынастарды орнату және кәсіби қауымдастықтарға кіру;
  9. Қоғамның халықаралық, ұлттық жобалары мен іс-шараларына қатысу;
  10. Қоғамның институционалдық аккредитациясы бойынша жұмыстарды үйлестіру;
  11. Департамент қызметкерлерінің жоспарлы тапсырмаларды орындауын бақылау, жұмыс тиімділігін талдау және есепті уақытылы дайындауды қамтамасыз ету.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 03 қазанды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2025 жылғы 06 қазан, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job