«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 1 неделя ago
Біліктілік талаптары: Тиісті бағыт бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім; тиісті функционалдық бағыттар бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік сатып алу бағытында жетекші лауазымдарда кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі; мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» және білім берудің даму бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік-құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды; компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды; мемлекеттік сатып алуды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік актілерін; менеджмент, маркетинг және экономика негіздерін; баға қалыптастыру әдістері, стратегиясы мен тактикасын; өңірлік экономикалық саясатты; тауарлар мен жабдықтарды сатып алу әдістемелерін; салық заңнамасының негіздерін; көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстарға есеп айырысу тәртібін; шаруашылық және қаржылық келісімшарттарды жасау және орындау тәртібін; тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау және қоймалаудың тәртібін; шығын сметтерін құрастыру тәртібін; жабдықтар, жиһаз, құрал-жабдықтар, кеңсе заттарын сатып алу және қызметтерге есеп айырысу рәсімдерін; ғимараттарды пайдалану тәртібін; еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін; еңбек қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын; өрт қауіпсіздігі талаптарын және ақпараттық қауіпсіздікті.
Негізгі міндеттері:
- Қоғамның басқарылатын құрылымдық бөлімшесінің қызметін жоспарлау, жұмыс жоспарларының орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
- Департамент құзыретінде Қоғамның стратегиялық міндеттерін әзірлеу және іске асыруға қатысу;
- Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу процедураларын бақылау;
- Конкурс нәтижелері бойынша келісімшарттардың қол қойылу мерзімдерін қадағалау;
- Мемлекеттік сатып алу конкурстарының алынған нәтижелерін талдау;
- Қоғамның әкімшілік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді шешу;
- Қоғамның ғимараттары мен бөлмелерін техникалық қайта жарақтандыру және реконструкциялау бойынша перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлеу;
- Шаруашылық келісімшарттарды ұйымдастыру және олардың уақтылы орындалуын бақылау;
- Қоғамның жалдау саясатын басқару;
- Қоғамның негізгі қорларының ағымдағы және күрделі жөндеу жоспарларын әзірлеу, шаруашылық шығындарының сметтерін дайындау жұмыстарын ұйымдастыру;
- Қоғамның, оның ішінде филиалдардың жабдықталуы мен шаруашылық қызметін басқару;
- Барлық түрдегі көліктің тиімді пайдалануын қамтамасыз ету;
- Техникалық құжаттаманы (сызбалар, спецификациялар, техникалық шарттар, технологиялық карталар) уақтылы дайындауды және қажетті деңгейде қамтамасыз етуді ұйымдастыру, ресурстарды тиімді пайдалану;
- Қоғам филиалдарының ғимараттары мен бөлмелерінің, сондай-ақ ғимараттарға жақын аумақтардың күтіміне арналған сметтер мен шығындарды дайындауға көмек көрсету;
- Қоғамның ғимараттары мен бөлмелерінің ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын үйлестіру;
- Қоғамның нормативті орналастыруға қажетті орындарға ағымдағы және перспективалық сұранысын зерттеу және анықтау, оларды қамтамасыз ету үшін өтінімдер жинау, жұмысшыларға қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау;
- Қоғамның қызметтік бөлмелерін есепке алу және пайдалану талдауын жүргізу, олардың тиімді пайдаланылуы мен құрылымдық бөлімшелер арасында қайта бөлінуі бойынша ұсыныстар енгізу;
- Қоғам филиалдарының техникалық қызметтерінің жұмысын үйлестіру, олардың жұмыс нәтижелерін және өндірістік тәртіптің жай-күйін бақылау;
- Қоғамның мүлкін инвентаризациялауға қатысу;
- Жобалық шешімдердің тиімділігін және олардың техникалық пайдалануын қамтамасыз ету;
- Еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласындағы ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу және жаңарту; еңбек қауіпсіздігі және қорғау талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, қажетті нұсқаулықтар өткізу;
- Антитеррор, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын орындауды қамтамасыз ету;
- Өртке қарсы құралдардың болуын және олардың жарамдылығын, қоймадағы бөлмелердің, құрал-жабдықтар мен инвентарьдың жағдайын қадағалап, оларды уақытылы жөндеуді қамтамасыз ету;
- Белгіленген есептілікті дайындау;
- Құжаттарды жүйелі түрде есепке алу және сақтау, заңнамалық және нормативтік актілерде, сондай-ақ Қоғам Басқарма Төрағасы шығарған құжаттарда өзгерістер енгізуді (Департамент құзыретінде) ұйымдастыру, заманауи ақпараттық технологиялар, есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдарын қолдана отырып пайдаланушылардың оларға қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 ж. 03 қазанды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2025 жылғы 06 қазан, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.