Актуалды
Ақмола облысы бойынша "Өрлеу"
Размещено 2 дня тому назад

Бос орын: қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедра меңгерушісі

Біліктілік талаптары

            Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

Ғылыми дәрежесі немесе PhD докторы дәрежесі болған жағдайда, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде екі жыл.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Ғылым туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы” Заңдарын және Қазақстан біліктілікті арттыру жүйесінің жұмыс істеуі және дамуы мәселелері, еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту тәртібі, білім беру жүйелерін басқару теориясы мен әдістері, педагогикалық этика нормалары, педагогика, психология, андрагогика, қаржылық сауаттылық негіздері; Білім берудегі стратегиялық жоспарлау және басқару принциптері; ғылыми-зерттеу қызметіне көзқарастар; өмір бойы оқыту тұжырымдамасы және педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы; өзекті ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен білім беру платформалары; бағдарламаларды әзірлеу әдіснамасы және білім беру бағдарламаларының, әдістемелік материалдардың тиімділігін бағалау; инновациялық білім беру технологиялары, оның ішінде қашықтықтан оқыту; оқыту және курстан кейінгі қызмет кезінде педагогтердің өзара іс-қимылын ұйымдастырудың нысандары, әдістері, құралдары мен ресурстары.    

Лауазымдық міндеттері

Кафедра меңгерушісі міндетті:

кафедра қызметін нормативтік құқықтық актілерге және жарғылық қызметке сәйкес басқару, атқарып отырған лауазымы шеңберінде филиал директоры мен директордың орынбасарының тапсырмаларын орындау;

қоғамның стратегиялық даму шеңберінде кафедраның қызмет бағытын ескере отырып, кафедраның оқу, әдістемелік және ғылыми қызмет, кафедра қызметінің сапасын ішкі бағалау жүйесі және тыңдаушыларды курстық даярлау бойынша жұмыс жоспарын әзірлеу;

оқу, әдістемелік және ғылыми қызмет мәселелері бойынша кафедра отырыстарын өткізу, кафедра оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларын келісу;

кафедра қызметінің нәтижелері туралы барлық құжаттаманы және есептерді уақтылы әзірлеуді, жаңартуды және сақтауды қамтамасыз ету;

5) кафедра оқытушыларының еңбек нормаларын, педагогикалық әдеп қағидаттарын, ақпараттық, өртке қарсы және еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауын қамтамасыз ету, осы салалардағы белгіленген нормаларды сақтау;

6) педагогтердің біліктілігін арттыру және курстан кейінгі сүйемелдеу жоспарын іске асыруды, педагогтердің білім беру қажеттіліктерін ескере отырып курстар өткізуді, курстардың оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін, сондай-ақ өңірлік өзекті тақырыптар бойынша мақсатты курстарды іске асыруды ұйымдастыру;

7) кафедра оқытушылары арасында педагогикалық жүктемені және функционалдық міндеттерді бөлу, сондай-ақ тартылған оқытушылар құрамын және олардың функцияларын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, олардың жүктелген тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындауын қамтамасыз етуге қатысу;

8) кафедра қызметінің бағытын ескере отырып, тыңдаушылардың курстық даярлығының тиімділігін бағалау үшін педагогикалық диагностика жүйесін және бағалау құралдарын әзірлеу;

9) оқу, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және сараптау бойынша әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, өңір педагогтерінің жетістіктері мен инновациялық тәжірибесін зерделеу, жинақтау және тарату, педагогикалық практиканы дамыту бойынша кәсіби іс-шаралар өткізу, аттестаттаудан өтуге әдістемелік, практикалық және кеңестік көмек көрсету;

10) өңірлік біліктілікті арттыру жүйесіндегі маркетингтік зерттеу бойынша кафедрада ғылыми жұмысты ұйымдастыру, ғылыми нәтижелерді енгізу жолдарын талқылау және жариялау, әртүрлі ғылыми-әдістемелік іс-шараларды ұйымдастыру, филиалдың мерзімді басылымдарын дайындау және шығаруға қатысу, ғылыми кеңес жұмысына қатысу;

11) кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, олардың әдістемелік дағдыларын және ғылыми нәтижелерді рәсімдеу дағдыларын дамытуға жәрдемдесу, жас және тартылған оқытушыларға оқу-әдістемелік қолдау көрсету, оқытушыларды кәсіби өзін-өзі дамытуға ынталандыру;

12) біліктілікті арттыру курстарында дәріс беру, курстарға арналған оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу, оқыту сапасын қамтамасыз ету үшін педагогикалық технологияларды пайдалану, кәсіби деңгейін арттыру мақсатында өзінің педагогикалық тәжірибесін зерттеу;

13) қоғамның жобаларына, жұмыс топтарына және басқа да қызметтеріне Қазақстан Республикасының нормативтік актілері мен лауазымдық құзыреті шеңберінде қатысу.

Жұмысты орындау орны: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 71.

Электрондық мекен-жайы: akmolaipk@orleu-edu.kz

Қатысуға өтініш беру мерзімі: 2026  жылғы 13 ақпанға дейін (қоса алғанда).

Қажетті құжаттар тізімі:

1.Конкурс комиссиясының төрағасы Жанна Қалымқанқызы Байгаринованың атына өтініш.

2. Жеке деректерге, еңбек (функционалдық) тәжірибесіне, жобаларға қатысуға, жетістіктерге, тілдерді білуге, қызығушылықтарға (хоббиге) және т. б. қатысты егжей-тегжейлі және шынайы фотосы бар өзекті түйіндеме.;

3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін туу туралы куәлік). Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

4. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;

5. Қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе PhD философия докторы), ғылыми атағы (профессор, қауымдастырылған профессор, доцент, түпнұсқалары (салыстыру үшін) және қайта даярлау және біліктілігін арттыру, қосымша білім алу туралы құжаттардың көшірмелері); ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың тізімі (бар болса); еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі).

Apply For This Job