АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨРЛЕУ

Институт туралы

"ӨРЛЕУ" БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ "АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ"

1000

ОҚЫТЫЛҒАН ПЕДАГОГТЕР

1000

ӨТКІЗІЛГЕН КУРСТАР

1000

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУМЕН ҚАМТЫЛҒАН ПЕДАГОГТЕР

0

ШЕТЕЛДІК ҰЙЫМДАРМЕН ЖАСАЛҒАН МЕМОРАНДУМДАР МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ ШАРТТАР

1951

1951 жылы 15 наурыздағы Қазақ ССР Оқу Министрлігінің №84 бұйрығына сай республикалық, облыстық, қалалық әдістемелік кабинеттер негізінде  Алматы облыстық  білім жетілдіру институты құрылды.

1951

1951-1960

1951-1960 жылға дейінгі мекен-жайы Алматы қаласы Бауман көшесі 124-үйде орналасты.

1951-1960

1960

1960-дан Бағанашыл ауылы Казахфильм ықшамауданына ауысты.

1960

1985

1985 жылдан бастап институттың оқу ғимараты  осы күнге дейін бұрынғы балалар үйі болған Қабылов көшесіндегі 50-үйде тұр.

1985

1950-1960

1950-1960 жылдары  қазақ мектептерінде оқу-тәрбие үдерісіне баса назар аударылды. Мектеп оқушыларының рухани даму жолдары, оларды оқу, өндіріс жұмыстарына тарту маңызды рөлге ие болды. Оқулық авторлары, белгілі ғалымдар Т.Тәжібаев, А.Сембаев, С.Қирабаев, Т.Ақшолақов, Қ.Жарықбаев секілді ғалымдар тұрақты түрде дәріс оқыды.

1950-1960

1970-1980

1970-1980 жылдары  6 жастағы  балаларды оқытуға  қатысты мұғалімдердің әдістемелік білімі мен педагогтердің кәсіби шеберліктерін  арттыру бағытындағы жұмыстар  кеңінен ұйымдастырылды.

1970-1980

1990

1990 жылдан бастап Ы.Алтынсарин атындағы Педагогикалық ғылыми-зерттеу институтымен тығыз жұмыс басталды.

1990

1991

1991 жыл Белоруссия, Латвия, Литва республикасымен ынтымақтастықта жұмыс істеліп, «Адамтану» атты курстық бағдарламасы жасалып жүргізілді.

1991

1992

1992 жылғы 03 маусымдағы Алматы облыстық әкімшілігінің №285 шешімі бойынша мұғалімдер білімін жетілдіру институты Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты болып қайта құрылды.

1992

2000

2000 жылы ауыл мектептері, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу проблемалары, ҰБТ-ға дайындық жолдарын сапалы ұйымдастыру, бейінді және бейіналды оқытуға дайындық жұмыстары қамтылды.

2000

2001

2001 жылы институттың 50 жылдығы аталып өтті. «Жүзден – жүйрік» облыстық байқауы өткізілді.

2001

2007

2007 жылы «Нәтижеге бағдарланған білім беруде тұлғалар қызметін ұйымдастыру» тақырыбында  облыстың 6 мектебінде эксперименттік-тәжірибелік жұмыс басталды.

2007

2009

2009 жылы Ресейдің Самара, Отрадный қалаларының педагогтерімен іс-тәжірибе бөлісу жұмыстары жүргізілді. Қорған университеті (Ресей),  Ереван (Армения), Ташкент (Өзбекстан), Бішкек (Қырғызстан), ЮНЕСКО-ның Білім беруді кластерлік бюросымен, ЮНИСЕФ-тің Балалар қорымен, Ұлыбритания елшілігінің British Council ұйымдарымен ынтымақтастықта жұмыс істелді.

2009

2010

2010 жылы 15 қазан  күні «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени бағдарламаны  іске асыру  мақсатында облыстық «Тіл пәндерінің үздік мұғалімі» байқауы  өткізіледі.

2010

2012

2012 жылдан «Мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру – нәтижеге бағдарланған білім беру шарты» тақырыптарында облыстың 11 мектебінде эксперименттік-тәжірибе жұмыстары басталды.

2012

2012

2012 жылдың қазан айы   институт тарихына  үлкен өзгеріс әкелді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2012 жылдың 17 ақпанындағы «Мемлекеттік кәсіпорындарды қазыналық меншіктен республикалық меншікке беру  және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы»  акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» №232 қаулысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»  акционерлік  қоғамының филиалы ретінде «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру  институты» болып өз қызметін бастады.

2012

2013

2013 жылдың 01 наурызынан Деңгейлік бағдарламалар орталығы ашылды. 24 тренер Халықаралық Кембридж университетінің емтихан кеңесінің сертификатын алды.

2013 жылы институттың 14 қызметкері Англия, Франция, Финляндия, Сингапур, Оңтүстік Корея, Корея, Австралия, Ресейде оқытудың инновациялық технологиялары бойынша біліктіліктерін арттырды.

2013

2014

2014 жылы облыс мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатында  барлық 16 аудан мен Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалаларында «Институт күндері» өткізіліп тұрды.

2014

2015

2015 жылы Moodle негізінде веб-ресурс жасалып, педагогтердің білім сапасын зерделеу үшін тестілеу жүргізіле басталды. Google platforms платформасы бойынша сауалнама өткізу қолға алынды. «Үздік сабақ», «Үздік бейнесабақ» байқаулары өтті.

2015

2016

2016 жылы Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы бойынша курстар басталды. 2016-2021жылдар аралығында осы бағдарлама аясында 26790 педагог курстан өтті.

2016

2017

2017 жылы 21-22 қарашада «Білім және ғылымдағы инновациялар» тақырыбында Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

2017

2018

2018 жылы 22-23 қарашада «Білім және ғылымдағы инновациялар» тақырыбында Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті.

2018

2019

2019 жылы «Білім және ғылымдағы инновациялар: жаңа талаптар» Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы екінші рет өткізілді.

2019

2020

2020 жылы Қашықтықтан оқыту бойынша авторлық бағдарламалар, бейнесабақтар жасалды.

2020

2021

2021 жылы маусым айында «Әлемдегі ғаламдық мәселелерді шешуде рухани-адамгершілік білім берудің басымдылығы» Республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы өткізілді.

2021

Іс-шаралар аңдатпасы

03

Жел

2021

Вебинар: «PISA тапсырмаларын оқу үдерісіне кіріктіру. Оқу сауаттылығы»

Вебинар: «PISA тапсырмаларын оқу үдерісіне кіріктіру. Оқу сауаттылығы»

  • 10:00 - 13:00
  • Онлайн, ZOOM платформасында

08

Жел

2021

Семинар-тренинг: «PISA тапсырмаларын оқу үдерісіне кіріктіру. Оқу сауаттылығы»

Семинар-тренинг: «PISA тапсырмаларын оқу үдерісіне кіріктіру. Оқу сауаттылығы»

  • 10:00 - 13:00
  • №15 Орта мектебі, Иле ауданы

Пайдалы сілтемелер

План курсов и ссылка на файл

Проекты

название проекта

Директор блогы

Құрметті оқырмандар, блогқа қош келдіңіздер!

Директор блогы маған тікелей хабарласуға мүмкіндік береді. Мұнда сіз біліктілікті арттыру курстары мен білім беру саласына қатысты барлық сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз.

Мен сіздің кез-келген сұрағыңызға жауап беруге және кері байланыс орнатуға дайынмын!

Құрметпен, Кеңесбаев Серік Мұқтарұлы 
«Өрлеу» БАҰО” АҚ Алматы облысы бойынша филиал директоры

Біздің оқытушылар

Байланыс

+7(727) 381-49-51 – Қабылдау бөлімі

+7(727) 247-11-48 – Оқу жұмысы және мониторинг қызмет бөлімі

РК, Алматы облысы, Алматы қ. Кабилова 50 көшесі

Дүйсенбі - Жұма: 9:00 - 18:00

Түскі үзіліс: 13:00 - 14:00

Сенбі/Жексенбі: жабық

Диагностика

X

Біздің филиалдар

×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?