ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨРЛЕУ

ИНСТИТУТ ТУРАЛЫ

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

1000

ОҚЫТЫЛҒАН ПЕДАГОГТАР

1000

ӨТКІЗІЛГЕН КУРСТАР

1000

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУМЕН ҚАМТЫЛҒАН ПЕДАГОГТЕР

0

ШЕТЕЛДІК ҰЙЫМДАРМЕН ЖАСАЛҒАН МЕМОРАНДУМДАР МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ ШАРТТАР

1944 жыл

КазКСР Халық Комиссарлар Советінің 1944 жылғы 15 ақпандағы №200 қарары мен Қазақстан халық ағарту комиссариатының 1944 жылғы 27 қазандағы бұйрығына сәйкес Қызылорда облыстық еңбекшілер депутаттары Кеңес атқару комитетінің 1944 жылғы 22 қарашадағы №540 шешімімен «Облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты» болып құрылады. Институт штаты 12 адамнан құралды, орта мектеп және бастауыш мектеп кабинеттері жұмыс істеді. Институтқа 1928 жылы салынған Қазақ көшесі, 3-ші үйден (қазіргі М.Әуезов көшесі) үш бөлме беріледі.

1944 жыл

1950-1951 жыл

1950-1951 оқу жылында бастауыш сынып және 5-10 сыныптардағы математика, физика пәндерінің мұғалімдерін тікелей-сырттай оқытатын курстар ұйымдастырылды. 251 тыңдаушы курстан өтті.

1950-1951 жыл

1963-1964 жыл

1963-1964 оқу жылында институт негізінен педагогикалық озат тәжірибені мектеп практикасына енгізуден, оқу-тәрбие жұмыстарына оқытудың жаңа формалары мен тиімді әдістерін қолданудан Ростов, Воронеж, Липецк мұғалімдерінің іс-тәжірибелері облыс мектептеріне таратылып, мұғалімдердің кәсіби шеберліктері артты.

1963-1964 жыл

1984 жыл

1984 жылы «Жалпы білім беретін мектептер мен кәсіптік білім беретін мектептердің білім мазмұнын жетілдіру» туралы мектеп реформасы қолға алынды. Аталмыш реформада бастауыш мектеп қайтадан үш жылдық, сегіз жылдық мектеп орталау тоғыз жылдық, он жылдық қайтадан орта білім беретін он бір жылдық болып өзгертілді.

1984 жыл

1991-1992 жыл

1991-1992 оқу жылынан бастап институт ұжымы «Халықтық педагогиканың негізгі принциптерін» оқу-тәрбие жұмысына кеңінен енгізу жолдарын зерттеді.

1991-1992 жыл

2000 жыл

2000 жылы – институттың қызмет ауқымының кеңеюіне байланысты бұған дейін облыстық білім басқармасының қарамағында болып келген облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты облыс әкімінің құзырына өтіп, «Облыс әкімінің кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» болып қайта құрылды. Педагог қауымның ғана білімін жетілдіріп келген институт көпсалалы білім жетілдіру орнына айналды.

2000 жыл

2012 жыл

1944-2012 жылдар аралығында дейін облыс бойынша біліктілік арттырудан 80000 астам мұғалім курстан өтті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №232 қаулысына сәйкес елімізде ТМД елдері арасында ешқандай баламасы жоқ, біліктілік арттырудың жаңа жүйесі – «Өрлеу» БАҰО » АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты болып құрылды.

2012 жылдан қазіргі уақытта дейін аймақ бойынша педагогтердің 1319 біліктілік арттыру курсы өтіп, оған 34402 тыңдаушы қамтылды.

2012 жыл

Іс-шаралар аңдатпасы

17

Қаң

2022

Педагогтер назарына!

Сіздерді 17-21 қаңтар аралығында «Білім беру робот техникасы және электрондық құрылғыларды жобалау» және «Робототехника, интернет заттары негіздері (IoT),…

  • 09:00 - 16:10 (24.01.2022)
  • Қызылорда қаласы, Әйтеке би, 2

17

Қаң

2022

Физика-математика пәні мұғалімдерінің назарына!

Сіздерді 17-24 қаңтар аралығында «Физика және математика пәндері мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбындағы онлайн форматта (Zoom) өткізілетін 40…

  • 09:00 - 16:10 (24.01.2022)
  • Қызылорда қаласы, Әйтеке би, 2

Пайдалы сілтемелер

Курс жоспары және файлға сілтеме

Жобалар

Директор блогы

Құрметті оқырмандар, блогқа қош келдіңіздер!

Директор блогы маған тікелей хабарласуға мүмкіндік береді. Мұнда сіз біліктілікті арттыру курстары мен білім беру саласына қатысты барлық сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз.

Мен сіздің кез-келген сұрағыңызға жауап беруге және кері байланыс орнатуға дайынмын! 

Құрметпен,
Бауыржан Тәжімағанбетұлы Елеусінов,
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ Қызылорда облысы бойынша филиал директоры

БІЗДІҢ ОҚЫТУШЫЛАР

Байланыс

+7(7242) 26-62-86– Қабылдау бөлімі

+7(7242) 27-16-78 – Оқу жұмысы және мониторингтік қызмет бөлімі

ҚР, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Айтеке би 2

Дүйсенбі - Жұма: 9:00 - 18:00

Түскі ас: 13:00 - 14:00

Сенбі / Жексенбі: Жабық

Диагностика

X

Наши филиалы

×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?