2022 жылдың 17 маусымында Өрлеу ББЖҚБАРИ базасында ББЖҚБАРИ және Өрлеу Алматы облысы тренерлері мен Назарбаев Зияткерлік Мектебінің мұғалімдеріне арналған National Geographic Qazaqstan журналы редакциясының өкілдері семинар өткізді.
Семинарда АҚШ-ң Флорида штатындағы Джэксонвилл қаласы Creekside High School мемлекеттік мектебінің қоршаған орта бойынша ғылымның оқытушысы, National Geographic-тің 2020 жылдың үздік зерттеушісі және фасилитатор Алишиа Прессел ханым өз тәжірибесімен бөлісті. Іс-шараның қатысушылары семинардың пайдалы және жоғары дәрежеде өткенін атап өтті, қолдарына сертифаттар тапсырылды.

