Архив
“Өрлеу” по Восточно-Казахстанской области
Размещено 9 месяцев тому назад

Хабарландыру

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасының жүргізуші бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы

Мекеме атауы: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалы

Бос орын түрі: бос лауазымға орналасуға конкурс

Құжаттарды қабылдау күні: 19.08.2024 ж.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 23.08.2024 ж.

Жауапты: әкімшілік-кадрлық жұмыс басқарма бастығы

Байланыс e-mail: vkoipk@mail.ru   vkoipk@orleu-edu.kz

Телефон: 8/7232/740024

Бос орын атауы: жүргізуші

    Жүргізушінің лауазымдық міндеттеріне кіреді:

  1. ;
  2. атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде тікелей басшысының тапсырмаларын орындау;
  3. ;
  4. жүргізушіге бекітілген Қоғамның қызметтік көлігінің техникалық жарамды жай-күйін қамтамасыз ету, оның сақталуы бойынша шаралар қабылдау;
  5. Қоғамның қызметтік көлігін жол қозғалысының белгіленген ережелеріне сәйкес жүргізу және жолаушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын, сондай-ақ қызметтік көліктің өзінің техникалық жарамды жай-күйін барынша қамтамасыз ету; 
  6. Қоғамның қызметтік көлігінің техникалық жай-күйін қадағалау, нормаларға сәйкес оны қауіпсіз пайдалану бойынша қажетті жұмыстарды дербес орындау;
  7. техникалық қызмет көрсету мен техникалық байқаудан уақтылы өту;
  8. Қоғамның қызметтік көлігінің қозғалтқышын, шанағы мен салонын таза ұстау;
  9. белгіленген тәртіппен медициналық бақылаудан өту;
  10. жұмыс алдында немесе жұмыс барысында адам ағзасының зейінін, реакциясын және жұмысқа қабілеттілігін төмендететін алкоголь, психотроптық, ұйықтататын дәрілерді және басқа да дәрілерді қолданбау;
  11. Қоғамның қызметтік көлігінің қозғалысын басқару, Қоғамның қызметтік көлігіне отын-жағармай материалдарын уақытында құю;
  12. жол парақтарын ресімдеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимін сақтау;
  13. Қоғамның қызметтік көлігінің жұмыс барысында туындаған ақауларын жою;
  14. Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаментінің басқа жүргізушілері уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т.б.) олардың міндеттерін орындау;  
  15. сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау;
  16. Басқарманың басқа жүргізушісі уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т.б.) олардың міндеттерін орындау.

Іссапарлар: иә

Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін

Жұмыс орнының орналасқан жері: Өскемен қаласы

Қызметтік келісімшарттың түрі: еңбек шарты

Білім деңгейі:

1) көлік құралын (жеңіл автокөлікті) басқару үшін В тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің болуы.

Мамандығы бойынша жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: көлік құралын (жеңіл автомобиль) басқару өтілі кемінде екі жыл.

2) жолаушылар үшін орын саны сегізден асатын көлік құралын басқару үшін D жүргізуші куәлігінің тиісті санатының болуы.

Мамандығы бойынша жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: жолаушыларға арналған орындар саны сегіз, көлік құралын басқару өтілі үш жылдан кем емес.

Білімі мен дағдылары:

– ҚР еңбек заңнамасының негіздері;

– басшылықтың оның қызметіне тікелей қатысы бар бұйрықтары, қаулылары мен өкімдері;

– жол қозғалысы ережелері, оларды бұзғаны үшін айыппұл санкциялары;

– автомобильдің негізгі техникалық сипаттамалары мен жалпы құрылысы, автомобиль агрегаттарының, механизмдері мен аспаптарының мақсаты, құрылысы, жұмыс істеу принципі, жұмысы және қызмет көрсетуі;

– автомобильді ұстау, салонды күту, оларды таза және ұзақ уақыт пайдалану үшін қолайлы күйде ұстау қағидалары;

– автомобильді пайдалану процесінде туындайтын ақаулықтардың белгілері, себептері және қауіпті салдары, оларды анықтау және жою тәсілдері;

– автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуді жүргізу тәртібі;

– ішкі еңбек тәртібінің ережелері;

– еңбекті қорғау және өндірістік санитария, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғану.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген Кандидат «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) не көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі ұсынады:

– конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түйіндеме фотомен;

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Мекеменің орналасқан мекен-жайы: Өскемен қаласы, Киевская көшесі 69.

Apply For This Job