Архив
“Өрлеу” по Жамбылской области
Размещено 3 года тому назад

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның

«Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы

Кафедраның әдіскері қызметіне конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесінде кемінде екі жыл.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология негіздерін; инновациялық басқару әдістерін, баспалармен жұмыс істеу негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу тәртібін, пән бойынша жаңа және балама оқулықтардың мазмұнын, педагогикалық этика нормаларын, жұмыс тәжірибесін, ғылыми-зерттеу және эксперименттік қызметті жалпылау және тарату әдістемесін, еңбек заңнамасының негіздерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

– Конкурстық комиссиясы Төрағасының атына өтініш;

– Суреті бар түйіндеме;

– ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

– Қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде қабылданады.

Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би даңғылы, 69А

Эл.почта: ins_pk@mail.ru

Анықтама үшін: 8(7262)-54-61-81

Apply For This Job