Архив
Центральный аппарат "Өрлеу"
Размещено 10 месяцев тому назад

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

 

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары экономикалық және (немесе) заң білімі, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.

Білуге тиіс: мемлекеттік сатып алу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, Менеджмент, Маркетинг және экономика негіздері, баға белгілеу әдістері, стратегиясы мен тактикасы, құжаттарды дайындау жөніндегі компьютерлік технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық актілер, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, Еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, өрт қауіпсіздігі.

Негізгі міндеттері:

  • Қоғамның басшылық ететін құрылымдық бөлімшесінің қызметіне, оның ішінде еңбек тәртібіне жалпы басшылық жасауды және бақылауды жүзеге асыруға, жұмыскерлер арасында функционалдық міндеттерді бөлуге;
  • мемлекеттік сатып алуды уақытылы жүргізуге және олар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге;
  • бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау қағидаттарында мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуын бақылауға;
  • өнімдерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу үшін нарықтық зерттеулер жүргізуге;
  • жұмыс берушіге келтірілген залалды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде өтеуге;
  • атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберіндегі мәселелер бойынша жұмыс топтарының, комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ Қоғамның кеңестеріне қатысуға.

 

 Ұсынылатын құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);

– фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 жылғы 1 тамызды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2024 жылғы 2 тамыз, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет.

Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job