Оқу ісі бөлімінің бас маманы
Архив
“Өрлеу” по Восточно-Казахстанской области
Размещено 9 месяцев тому назад
Хабарландыру
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының оқу ісі бөлімінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы
Мекеме атауы: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалы
Бос орын түрі: бос лауазымға орналасуға конкурс
Құжаттарды қабылдау күні: 12.08.2024 ж.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 16.08.2024 ж.
Жауапты: әкімшілік-кадрлық жұмыс басқарма бастығы
Байланыс e-mail: vkoipk@mail.ru vkoipk@orleu-edu.kz
Телефон: 8/7232/740024
Бос орын атауы: оқу ісі бөлімінің бас маманы.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу қағидаттарын, баспалармен жұмыс істеу негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу қағидаттары мен тәртібін,, озық білім беру технологиялары бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату әдістемесін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Оқу ісі бөлімінің бас маманы лауазымдық міндеттеріне кіреді:
- Міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
- Біліктілікті арттыру курстарының жоспарына сәйкес кафедралар жүргізетін оқу жұмысын талдауға қатысу;
- Статистикалық есептерді дайындауға қатысу Өкілдіктегі оқу ісі жөнінде тоқсандық есеп);
4) Филиалдың, Өкілдіктің білім беру мәселелері жөніндегі облыстық (өңірлік) уәкілетті органның, жекелеген білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыруға арналған тапсырмаларын, өтінімдерін кейіннен тыңдаушылар санаттарына сәйкес кафедралар бойынша қайта бөле отырып тіркеу;
- Нормативтік құжаттардың орындалуын бақылау;
- Білім беру бағдарламаларының, тыңдаушылар тізімдерінің, курстық даярлықты қабылдау мен аяқтауға бұйрықтардың, біліктілікті арттыру туралы құжаттардың (сертификаттар), оқу-тақырыптық жоспарлардың, курстық даярлық журналының, оқу сабақтарының кестелерінің ресімделуі мен ұсынылуын бақылау;
- Қатаң есептегі құжаттардың бланкілерін (сертификаттарды) есепке алу және сақтау;
- Қоғамға тоқсан сайынғы есепті ұсына отырып, оқу қызметі бойынша барлық ақпаратты жинау және өңдеу;
- Тыңдаушылардың сабаққа қатысуын бақылау;
- Білім беру саласындағы уәкілетті органдармен (облыстық, қалалық, аудандық) және барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасасу;
- Барлық оқу құжаттамасын, оқу процесін регламенттейтін нормативтік құжаттарды автоматтандырылған дайындауды жүзеге асыру;
- Сабақтарға қатысуды бақылау мен талдау;
- Іс қағаздарын жүргізуге, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету.
Іссапарлар: жоқ
Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Жұмыс орнының орналасқан жері: Өскемен қаласы
Қызметтік келісімшарттың түрі: еңбек шарты
Білім деңгейі: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Мамандығы бойынша жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес саладағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген Кандидат «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) не көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі ұсынады:
– конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– түйіндеме фотомен;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Мекеменің орналасқан мекен-жайы: Өскемен қаласы, Киевская көшесі 69.