Архив
Центральный аппарат "Өрлеу"
Размещено 6 месяцев тому назад

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Стратегия және зерттеу департаментінің жетекші маманы бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе тиісті бейіні бойынша өзге кәсіптік білімі; лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде екі жыл жұмыс өтілі болуы, мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеруі тиіс, ағылшын тілін еркін меңгеруіне басымдық беріледі.  

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Ғылым туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамыту бағыттары мен перспективаларын; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартын; андрагогиканы, синергетиканы, педагогиканы, психологияны; педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін; педагогикалық әдеп нормаларын; менеджмент, экономика, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін; компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияны айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды; еңбек заңнамасын; ішкі еңбек тәртібінің ережелерін; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын; өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.

 

Негізгі міндеттері:

1) Қоғамның жұмыс жоспарына сәйкес Қоғамның стратегиялық қызметін жоспарлау бойынша тапсырмаларды орындауға;

2) стратегиялық және ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлау жөніндегі перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларын жасау жөніндегі жұмысты жүргізуге;

3) есептілікті уақтылы жасауды, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттаманы жүргізуді қамтамасыз етуге;

4) Қоғамның ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруға қатысуға;

5) Қоғамның ғылыми-зерттеу қызметі мәселелері бойынша талдамалық есептер мен ақпараттық анықтамалықтар дайындауға;

6) сұратылатын нысан бойынша Қоғамның ағымдағы жылғы қызметі туралы жартыжылдық, жыл сайынғы талдамалық есепті (кестелерімен, слайдтарымен, диаграммаларымен) дайындауға;

7) Қоғам филиалдарының ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жұмысын үйлестіруді жүзеге асыруға;

8) халықаралық, республикалық, өңірлік, облыстық ғылыми-практикалық симпозиумдарды, конференцияларды, семинарларды күндізгі/онлайн ұйымдастыруға және олардың жұмысына қатысуға;

9) білім беру, оның ішінде кәсіби даму саласындағы қазақстандық және халықаралық ұйымдардың ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру шеңберінде әкімшілік қолдау көрсетуге;

10) Қоғамның институционалдық және ғылыми зерттеу жобалары, сондай-ақ Қоғам атынан өткізілетін, сырттай қаржыландырылатын жобалар мен конкурстар шеңберінде далалық зерттеулерге дайындалу мен оны жүргізуге дизайн әзірлеуге және ғылыми деректерді жинауға қатысуға;

11) филиалдардың мамандарына ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетуге.

 

 Ұсынылатын құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);

– фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);

– дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 жылғы 28 қарашаны қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2024 жылғы 29 қараша, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 31 кабинет.

Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

 

Apply For This Job