Актуалды
Ақмола облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 1 неделя ago

 Біліктілік талаптары 

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, кемінде бір жыл еңбек өтілі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша ортадан кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіптік) білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы тиіс. 

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақпараттық технологиялар, жүйелер және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мәселелерді реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді, аппараттық және бағдарламалық құралдардың жұмыс істеуінің жалпы қағидаттары мен архитектурасын, желілік әкімшілікті ұйымдастыру негіздерін, бағдарламалау негіздерін, ақпаратты өңдеуде есептеу техникасын қолдану әдістерін, желі серверлік ресурстарын, желі пайдаланушыларында туындаған ақауларды жою әдістерін, жабдықтардың техникалық-пайдалану сипаттамаларын, конструктивтік ерекшеліктерін, мақсатын және жұмыс істеу режимдерін, оның техникалық пайдалану қағидаларын, желілердің аппараттық және бағдарламалық қамсыздандырылуын, аппараттық құралдарды қарапайым жөндеу қағидаттарын, нормаланған бағдарламалау тілдерін, қолданыстағы стандарттарды, санау жүйелерін, шифрлар мен кодтарды, бағдарламалау әдістерін, ақпаратты кешенді қорғауды ұйымдастыру жүйелерін, желілерді қорғау технологияларын (фаерволдар, шабуылдарды анықтау жүйелері (IDS/IPS), VPN, шифрлау), қатерлер мен осалдықтардың түрлерін, қауіпсіздік хаттамаларын (SSL/TLS, IPsec), ақпаратқа заңсыз қол жеткізудің алдын алу тәсілдерін, қол жеткізуді басқаруды, деректердің құпиялылығын, аудит пен қауіпсіздікті бақылауды қамтитын қауіпсіздік саясатын түсінуді, инциденттерге ден қою және олардан кейін қалпына келтіру рәсімдерін, техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібін, экономиканың, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудың негіздерін, еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды. 

Істеуге тиіс: Жергілікті есептеу желілерін, серверлік жүйелерді, жұмыс станциялары мен перифериялық жабдықтарды баптау және әкімшілендіру, серверлік және желілік сервистердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, ақауларды диагностикалау және жою, деректерді сақтық көшіру және қалпына келтіру жүйелерін басқару, бағдарламалық қамсыздандыруды, операциялық жүйелерді (Windows, Linux) және виртуалдандыру платформаларын (Hyper-V, VMware) баптау және қолдау, деректердің ағып кетуінен қорғау жүйелері, осалдықтарды басқару жүйелері сияқты қорғау құралдарын баптау және пайдалану, деректерді сақтық көшіру, қалпына келтіру және желі арқылы беру кезінде қорғау жүйелерін енгізу, ақпаратты қорғауды ұйымдастыру, ресурстарға қол жеткізуді бақылау, ақпараттық қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, желіні мониторингтеу, желілік трафикті талдау, тар орындарды анықтау және жою, деректер қорын әкімшілендіру және олардың тұтастығын, қолжетімділігін және қорғалуын қамтамасыз ету, әкімшілікті автоматтандыруды скрипттер мен конфигурацияларды басқару жүйелерін пайдалану арқылы жүзеге асыру, пайдаланушыларға техникалық мәселелер бойынша кеңес беру, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану негіздері мен IT-ресурстарды қауіпсіз пайдалану бойынша оқыту, IT-инфрақұрылым бойынша техникалық құжаттама, нұсқаулықтар мен есептер дайындау, IT-жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуды, есепке алуды, есептен шығаруды және ауыстыруды ұйымдастыру, IT-инфрақұрылымының нормативтік талаптар мен стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету, пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсету, сұраулар мен инциденттерге жедел ден қою, кеңсе техникасын қызмет көрсету және жөндеу, алдын алу жұмыстарын жүргізу, шығыс материалдарын бақылау, картридждерді уақытылы толтыру мен баспа жабдығын қызмет көрсетуін ұйымдастыру, бейнебақылау, аудиоконференцбайланыс және басқа да техникалық жабдықтауды баптау және қолдау, техникаға кепілдік және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету мәселелері бойынша мердігерлермен және сервис орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау. 

Жүйелік әкімші міндетті: 

  1. Ақпараттық жүйелер мен желілік инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде дербес деректерді қорғау, криптография және қауіптерді мониторингілеу; 
  1. Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау саласындағы нормативтік және заңнамалық талаптарды, сондай-ақ Қоғамның Ақпараттық қауіпсіздік саясаты мен ішкі құжаттамасында көрсетілген міндеттемелерді, стандарттар мен рәсімдерді сақтай отырып, қауіпсіздік саясатын іске асыру; 
  1. Қауіптер мен осалдықтарды басқару жүйесін әзірлеу және енгізуге қатысу, оның ішінде осалдықтарға тұрақты тестілеу жүргізу, ақпараттық жүйелерді бақылау және аудит жүргізу арқылы қауіпсіздік инциденттерінің алдын алу және анықтау; 
  1. Вирустық шабуылдардан, зиянды және шпиондық бағдарламалардан қорғау жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету, деректерді резервтік көшіру және қалпына келтіру процестерін енгізу және қолдау; 
  1. Филиал қызметкерлерін ақпараттық қауіпсіздік негіздеріне оқыту, оның ішінде фишингтік шабуылдар және басқа да қауіптер туралы хабардарлықты арттыру шараларын жүргізу; 
  1. Бағдарламалық қамтамасыз етуді уақытылы жаңарту және патч-менеджментті енгізуді қамтамасыз ету; 
  1. Маңызды ақпарат пен жүйелерге қол жеткізуді бақылау, оның ішінде қол жеткізу құқықтарын шектеу және пайдаланушылардың белсенділігін бақылау; 
  1. Қауіпсіздік стандарттарына сәйкестікті тексеру және тестілеуді тұрақты жүргізу, деректерді қорғауды жақсарту бойынша шараларды енгізу; 
  1. Қызметтік міндеттерді орындау барысында құпиялылық пен дербес деректерді қорғау саясатын сақтау, ақпараттың құпиялылығы мен тұтастығын қамтамасыз ету, Қоғамның ақпараттық жүйелері мен желілерімен жұмыс істеу үшін рұқсат етілмеген құралдарды пайдалануға жол бермеу; 
  1. Қоғам басшылығының қауіпсіздік пен ақпаратты қорғау бойынша нұсқауларын уақытылы орындауды қамтамасыз ету, анықталған қауіптерге жедел әрекет ету; 
  1. Ақпараттық қауіпсіздік саясатының және Қоғамның ішкі ақпараттық қауіпсіздік құжаттамасының талаптарын орындау бойынша есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету; 
  1. Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша біліктілікті арттыру, оның ішінде тренингтерге, семинарларға және біліктілікті арттыру курстарына қатысу; 
  1. Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздік деңгейі және бар қауіптер туралы басшылықты тұрақты хабардар ету; 
  1. Заңнама немесе Қоғамның ішкі қауіпсіздік саясаты өзгерген жағдайда ақпаратты қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен іске асыруға қатысу. 

Жүйелік әкімші құқылы: 

  1. Филиалдың мүдделерін мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда белгіленген тәртіппен берілген өкілеттіктер шеңберінде білдіруге немесе өкіл ретінде қатысуға құқылы; 
  1. Өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен Филиалдың басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратуға және алуға құқылы; 
  1. Филиал басшылығының тапсырмаларын орындау үшін құрылымдық бөлімшелердің тиісті басшыларымен келісу арқылы басқа бөлімше қызметкерлерін тартуға құқылы; 
  1. Филиал басшылығына филиалдың жай-күйі мен даму бағыттары, корпоративтік басқаруды жетілдіру және тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы; 
  1. Еңбек шартының талаптарына сәйкес Филиал тарапынан міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы; 
  1. Қоғамда қолданыстағы ішкі нормативтік құжаттар мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген материалдық қолдауды алуға құқылы; 
  1. Филиалдың кадрларын оқытуға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға бағытталған түрлі бағдарламаларға қатысуға құқылы; 
  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғам мен Филиалдың ішкі нормативтік құжаттарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 

Жауапкершілігі 

Жүйелік әкімші жауапты: 

  1. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін, оның ішінде ақпараттың сыртқа шығуы, деректердің жоғалуы немесе рұқсатсыз қол жеткізу жағдайлары үшін жауапты; 
  1. Қоғам ішінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген ақпараттық қауіпсіздік талаптарының барлығын орындау үшін жауапты; 
  1. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ақпараттың құпиялылығын сақтауға және оны тиісті негізсіз жария етпеуге міндетті; 
  1. Бұзушылықтар орын алған жағдайда, жұмысшы оқиға салдарын жою және оның қайталануына жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға міндетті. 

Жұмысты орындау орны: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 71. 

Электрондық мекен-жайы: akmolaipk@orleu-edu.kz 

Қатысуға өтініш беру мерзімі: 2025 жылғы 10 қазан (қоса алғанда). 

Қажетті құжаттар тізімі:  

1.Конкурс комиссиясының төрағасы Жанна Қалымқанқызы Байгаринованың атына өтініш. 

2. Жеке деректерге, еңбек (функционалдық) тәжірибесіне, жобаларға қатысуға, жетістіктерге, тілдерді білуге, қызығушылықтарға (хоббиге) және т. б. қатысты егжей-тегжейлі және шынайы фотосы бар өзекті түйіндеме.; 

3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін туу туралы куәлік). Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады; 

4. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі; 

5. Қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе PhD философия докторы), ғылыми атағы (профессор, қауымдастырылған профессор, доцент, түпнұсқалары (салыстыру үшін) және қайта даярлауз және біліктілігін арттыру, қосымша білім алу туралы құжаттардың көшірмелері); ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың тізімі (бар болса); еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі). 

Apply For This Job