Актуалды
Абай облысы бойынша Өрлеу, Шығыс Қазақстан облысы бойынша “Өрлеу”
Posted 2 недели ago

Хабарландыру

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының

әкімшілік-кадр жұмысы бөлімінің электригі

 бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы

Мекеме атауы: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы

Бос орын түрі: бос лауазымға орналасуға конкурс

Құжаттарды қабылдау күні: 05.01.2026 ж.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 12.01.2026 ж.

Жауапты: әкімшілік-кадр жұмысы бөлімінің бастығы

Байланыс e-mail: vko@orleu.edu.kz

Телефон: 8/7232/597850

Бос орын атауы: әкімшілік-кадр жұмысы бөлімінің электригі

Біліуі қажет: электр қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құжаттар; тұрмыстық, офистік және өндірістік электротехниканы қауіпсіз пайдалану Қағидалары; бекітілген электр қондырғылары мен жабдықтардың құрылысы, жұмыс принципі және техникалық сипаттамалары; кернеуі 1000 В дейінгі және одан жоғары электр қондырғыларын пайдалану қағидалары; кернеуді толық алу кезінде қорғау құрылғыларын алу және орнату жөніндегі талаптар; электрмен жабдықтау және электр энергиясын есепке алу жүйелері; электрден қорғау құралдарын қолдану қағидалары; персоналды электр қондырғыларындағы жұмыстарға жіберу тәртібі; зардап шегушіні электр тоғының әсерінен қорғау және алғашқы көмек көрсету қағидалары.

 Электриктің лауазымдық міндеттеріне кіреді:

– электр қондырғыларына өз бетінше қызмет көрсету, тексеру, қосу, ауыстыру және ажырату;

– лауазымдық міндеттері шеңберінде кернеуі 1000 вольтке дейінгі электр қондырғылары мен жабдықтарды пайдалануды жүргізу;

– электр қондырғыларында, электр сымдарында, автоматика, есепке алу және тіркеу аспаптарында жөндеу, баптау және іске қосу-баптау жұмыстарын орындау;

– құрылыс-монтаждау, жөндеу және іске қосу-баптау жұмыстарын орындау кезінде қатысуға;

– жөндеу және жөндеу персоналының электр қондырғыларындағы жұмыстарға рұқсатын анықтау;

– персоналдың электр қауіпсіздігі талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету;

– электр шаруашылығының жай-күйін тексеру және бақылау жүргізу;

– анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау;

– электр қондырғыларында жұмыстардың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ету;

– электр қондырғыларында жұмыс істейтіндерге тұрақты бақылауды жүзеге асыру;

– жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын қолдану және пайдалануды бақылау;

– авариялық жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау;

– қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кезде жұмысты дереу тоқтату;

– электр қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізу;

– қызметкерлерді қауіпсіз жұмыс әдістеріне үйрету;

– электр қауіпсіздігі талаптарының білімі мен сақталуын бақылау.

Іссапарлар: иә

Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 08.30-нан 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін

Жұмыс орнының орналасқан жері: Өскемен қаласы

Қызметтік келісімшарттың түрі: еңбек шарты

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша техникалық немесе кәсіптік немесе арнаулы орта білім, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған кернеуі 1000 Вольт (В) дейінгі электр қондырғыларында жұмыс істеу үшін электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат беру тобы IV-ден төмен емес. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі-1 (бір) жылдан кем емес..

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген Кандидат «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының әкімшілік-кадр жұмысы бөліміне электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) не көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі ұсынады:

– конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түйіндеме фотомен;

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 12.01.2026 жылы Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Киевская көшесі 69, 4 қабат, 403 кабинет мекенжайы бойынша немесе электрондық поштаға қабылданады: vko@orleu.edu.kz анықтама телефоны: 8 (7232) 59-78-50, әкімшілік – кадр жұмысы бөлімі.

Әңгімелесуді өткізу күні мен орны:

2026 жылғы 13 қаңтар Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Киевская көшесі 69, 2 қабат, конференц-зал.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Apply For This Job