Архив
“Өрлеу” по Восточно-Казахстанской области
Размещено 5 месяцев тому назад

Хабарландыру

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының қаржы және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы

Мекеме атауы: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалы

Бос орын түрі: бос лауазымға орналасуға конкурс

Құжаттарды қабылдау күні: 02.12.2024 ж.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 06.12.2024 ж.

Жауапты: әкімшілік-кадрлық жұмыс басқарма бастығы

Байланыс e-mail: vkoipk@mail.ru   vkoipk@orleu-edu.kz

Телефон: 8/7232/740024

Бос орын атауы: қаржы және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есептілік жасау жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілері мен әдістемелік материалдарды, ұйымдағы шаруашылық қызметті бухгалтерлік есепке алу менталдау нысандары мен әдістерін, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын, экономика негіздерін, құжаттық ревизиялар мен тексерулер жүргізу, мүліктің міндеттемелер мен шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру тәртібін, құжат айналымын ұйымдастыру және негізгі құралдардың, тауар-материалдық құндылықтар мен ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды құжаттамалық ресімдеу мен бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету тәртібін, шоттардың жоспары мен хат-хабарларын, қаржы, шаруашылық, салық заңнамасын, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнама негіздерін, экономиканы, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды, шаруашылықты жүргізу әдістерін, есептеу техникасын пайдалану ережелерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, өндірістік санитария ережелерін, өрт қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қойылатын талаптарды.

Қаржы және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы лауазымдық міндеттеріне кіреді:

  1. міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
  2. тауарлық-материалдық құндылықтарды (бұдан әрі – ТМҚ) есептен шығару және есепке алу (ТМҚ жұмсалуын бақылау, жол қағаздарын тексеру, қатаң есептілік бланкілерінің қозғалысы бойынша есеп жасау, ЖЖМ шығысы бойынша есеп жасау);
  3. негізгі құралдарды есепке алу (есепке алу, амортизацияның есептелуін тексеру, негізгі құралдарды (бұдан әрі – НҚ) ауыстыру, НҚ қайта бағалау);
  4. жеткізушілермен есеп айырысу (жеткізушілерден шот-фактуралар жүргізу, салыстыру актілерін қалыптастыру);
  5. мүлікке түгендеу жүргізу (комиссияға қатысу, түгендеу тізімдемелерін қалыптастыру);
  6. Қоғамның орталық аппаратымен өзара есеп айырысу операцияларын жүргізу (ҚҚС бойынша бухгалтерлік операцияларды, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредиторлық берешекті қалыптастыру);
  7. мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін (негізгі құралдарды, тауар-материалдық құндылықтарды, өндіріс шығындарын, шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерін есепке алу) жүргізу жөніндегі жұмысты орындау;
  8. қаржылық тәртіпті сақтауға және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
  9. бухгалтерлік есептің тиісті бөлімдері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдау және бақылау, оларды өңдеу, жазбалар жасау дайындау;
  10. бухгалтерлік есеп шоттарында негізгі құралдардың, тауар-материалдық құндылықтардың қозғалысына байланысты операцияларды көрсету;
  11. басшыларды, кредиторларды, инвесторларды, аудиторларды және бухгалтерлік есептіліктің басқа пайдаланушыларын есептің тиісті бағыттары бойынша салыстырмалы және дұрыс бухгалтерлік ақпаратпен қамтамасыз ету;
  12. 1С Бухгалтерия ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды, орындалған жұмыстар актілерін жазып беру, тексеру, тарату, сенімхаттар бойынша есеп жүргізу, жұмыстар мен қызметтерді орындау бойынша ұсынылатын ақпаратты тексеру;
  13. бухгалтерлік ақпараттың дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстарды орындау;
  14. Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына және басқа да жұмыскерлеріне шаруашылық қызметті есепке алу, бақылау, есептілік және талдау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету;
  15. материалдық құндылықтарды теңгерімге және теңгерімнен қою және беру мерзімдерін сақтау;

16) мемлекеттік сатып алу порталында мемлекеттік сатып алу жоспарын жасау және бекітуге ұсыну;

17) мемлекеттік сатып алу бойынша есептерді қалыптастыру және бекітуге ұсыну, тексеруші ұйымдарға тұтыну бойынша ақпарат беру;

18) Іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету.

Іссапарлар: жоқ

Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Жұмыс орнының орналасқан жері: Өскемен қаласы

Қызметтік келісімшарттың түрі: еңбек шарты

Білім деңгейі: тиісті кадрлар даярлаубағытыбойынша жоғары (немесе жоғары орнынан кейінгі) білім.

Мамандығы бойынша жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есепке алу-талдау салаларындағы жұмыс өтілі соңғы екі жылдан кем емес.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген Кандидат «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) не көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі ұсынады:

– конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түйіндеме фотомен;

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Мекеменің орналасқан мекен-жайы: Өскемен қаласы, Киевская көшесі 69.

Apply For This Job