«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Үздіксіз дамуды қамтамасыз ету департаментінің курстан кейінгі қолдау басқармасының бастығы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары педагогикалық білім, кемінде төрт жыл педагогикалық жұмыс өтілі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD) дәрежесі болған жағдайда, кемінде екі жыл педагогикалық жұмыс өтілі. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.
Білуге тиіс: білім беру қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық актілер, педагогика және психология негіздері, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, басқарудың инновациялық әдістері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі қағидалары,еңбекті қорғау қағидалары мен нормалары, өрт қауіпсіздігі талаптары.
Негізгі міндеттері:
- мемлекеттік органдармен және ведомстволармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға; Қоғамның әдістемелік жұмысының перспективалық даму жоспарын әзірлеу және іске асыру процесіне басшылық жасауға;
- педагогтерге курстан кейінгі қолдауды ұйымдастыру мен жүргізудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын айқындауда Қоғамның профессорлар мен оқытушылар құрамына консультация беруге;
- Қоғамның профессорлар мен оқытушылар құрамын педагогтерді курстан кейінгі қолдауды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша кәсіби дамыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға;
- білім беру бағдарламаларын әзірлеудің және курстан кейінгі қолдаудың инновациялық қазақстандық және халықаралық тәжірибесіне шолу мен талдау және педагогтерді курстан кейінгі қолдау бойынша жұмыскерлердің қызметін жүзеге асыруға және ұйымдастыруға;
- курстан кейінгі қолдаудың мақсаты мен міндеттерін ескере отырып, білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу, жаңарту және бекіту процесін қамтамасыз етуге;
- Қоғам филиалдарының курстан кейінгі қолдауды іске асыру бойынша қызметін ұйымдастыруға;
- Қоғамның тақырыптық жоспарын әзірлеуді, бекітуді және іске асыруды ұйымдастыруға, тәуекелдерді анықтауға және ұсыныстар мен шешу жолдарын әзірлеуге;
- әдістемелік бағыт, курстан кейінгі қолдау, оқытушылардың кәсіби дамуы бойынша жаңа, алғаш енгізілетін жұмыс түрлері бойынша жұмысты үйлестіруге;
- педагогтерді курстан кейінгі қолдау процестері мен тетіктерін сапалы іске асыруды қамтамасыз етуге;
- Қоғам филиалдарының біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу жөніндегі қызметін ұйымдастыруға;
- Қоғамның тақырыптық жоспарын әзірлеуді, бекітуді және іске асыруды ұйымдастыруға;
- оқытушылардың кәсіби дамуын курстан кейінгі қолдау басқармасының жұмыскерлерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, әдістемелік бағыт бойынша жаңа, алғаш енгізілетін жұмыс түрлері бойынша жұмысты үйлестіруге.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 жылғы 1 тамызды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2024 жылғы 2 тамыз, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет.
Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.