«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы оқу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы бос лауазымына (жүктілікке және бала тууға байланысты демалыстағы негізгі қызметкер болмаған уақытқа) орналасуға конкурс жариялайды
Актуалды
“Өрлеу” по Западно-Казахстанской области
Posted 2 дня ago
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіби білімі, не педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжаты, сондай-ақ лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы немесе педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде екі жыл болуы қажет.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын, білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты өзге де нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу қағидаттарын, баспалармен жұмыс істеудің негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу қағидаттары мен тәртібін, озық білім беру технологиялары бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтау және таратудың әдістемесін, еңбек қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік, техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар әкімшілік – кадр жұмысы бөлімінің персоналмен жұмыс жөніндегі бас маманына көрсетілген құжаттардың көшірмелерін (нотариалды куәландырған) жеке өзі тапсырады:
- конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;
- фотосуреті бар түйіндеме;
- ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қаңдастар жергілікті атқарушы органдар берген қаңдас куәлігін ұсынады;
- шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
- қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірбиесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 12 тамызды қоса есептегенде БҚО, Орал қаласы, Абай даңғылы 238/2, 2 қабат, 203-кабинет мекенжайы бойынша немесе e-mail: zkoipk@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Анықтамалар телефоны: 8(7112) 24-07-93, 8-701-154-55-81
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2025 жылдың 13 тамыз күні, сағат 15:00-де БҚО, Орал қаласы, Абай даңғылы 238/2, 2 қабат, 203-кабинетКандидаттың құжаттарды уақытылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.