Архив
“Өрлеу” по Западно-Казахстанской области
Размещено 8 месяцев тому назад

Орыс тілі – 1 бірлік (мемлекеттік және орыс тілдерін меңгерген кандидат).

Біліктілікке қойылатын талаптар (төмендегі тармақтардың біріне сәйкес):

1. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіби білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; және «педагог-сарапшы» немесе «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санатының болуы (білім беру ұйымдарының педагогтері үшін).

2. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіби білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; «басшы-менеджер» немесе «басшы-көшбасшы» біліктілік санатының болуы (басшылар үшін); немесе «басшының екінші біліктілік санатының орынбасары» немесе «басшының бірінші біліктілік санатының орынбасары» біліктілік санатының болуы (білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшысының орынбасарлары және әдіскерлері үшін).

3. Жоғары педагогикалық білім және қажет болған жағдайда, тиісті қызмет бейіні бойынша қосымша кәсіби білім (сертификат), жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, Қоғамда («Өрлеу» филиалдарында) оқытушы немесе штаттан тыс оқытушы ретінде жұмыс тәжірибесі.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Заңдарын: «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» біліктілікті арттыру жүйесінің жұмыс істеуі мен даму мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді, экономика негіздерін, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Кәсіби білім:

– білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелері;

– теориялық, қолданбалы, оның ішінде әдістемелік, пәндік саланың/қызметтің негіздері, заманауи педагогикалық технологиялар, ересектерді оқыту процесін бақылау және бағалау әдістері;

– пәндік педагогика негіздері; тыңдаушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және білім беру қағидаттары;

– білім беру бағдарламасының тұжырымдамалық негіздері;

– оқу процесін ұйымдастыру қағидаттары, заңдылықтары, нысандары, әдістері мен тәсілдері бөлігінде жас психологиясының, педагогикасының, андрагогикасының негіздері;

– құқықтық, әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздік негіздері, білім беру үдерісіндегі денсаулық сақтау ортасының компоненттері;

– білім беру процесін зерттеу тәсілдері, әдістері мен құралдары, оқытудың өзіндік тәжірибесін рефлексиялау әдістері;

– педагогикалық әдеп, зерттеу және академиялық адалдық нормалары;

– тыңдаушыларды оқыту мен бағалауды қолдау үшін цифрлық білім беру платформаларының құралдарын пайдалану бөлігіндегі құзыреттілік.

Кәсіби дағдылар мен біліктер:

– білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелерін сақтайды және пайдаланады;

– пәндік білімді қолданады және оны педагогикалық тиімді оқыту нысандарына айналдырады;

– заманауи педагогикалық технологияларды, белсенді әдістерді, оқыту нысандарын, ресурстары мен стратегияларын, ересектердің оқу процесін бақылау және бағалау әдістерін таңдайды және тиімді қолданады;

–   білім беру бағдарламасын жобалау дағдыларын меңгерген;

– инклюзивті орта құру және тыңдаушыларды тарту стратегияларын меңгерген, олардың жеке және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін жоспарлайды;

– жас психологиясының, педагогиканың, андрагогиканың негізгі қағидаттары мен заңдылықтарына сәйкес оқу процесін ұйымдастырудың әртүрлі нысандарын, әдістері мен тәсілдерін қолданады;

– құқықтық, әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздікті сақтайды, білім беру процесінде денсаулық сақтау ортасын қалыптастырады;

– оқыту процесін жетілдіру бойынша өзекті зерттеулердің нәтижелерін зерттейді, рефлексиялайды және өзінің оқыту тәжірибесін зерттейді;

– педагогикалық әдеп, зерттеу және академиялық адалдық нормаларын сақтайды;

–  тыңдаушыларды тарту, оларды бағалау және кері байланыс алу үшін оқу процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды тиімді пайдаланады.

Артықшылық беріледі:

кәсіби конкурстар мен олимпиадаларға, педагогикалық шеберлік конкурстарына, республикалық және облыстық форумдарға, семинарларға/вебинарларға, конференцияларға, мастер-кластарға және т.б. қатысу туралы растайтын құжаттардың болуы;

зерттеулер негізінде бағдарламаларды зерттеу және әзірлеу жобаларына қатысу;

авторлық бағдарламаларды әзірлеуге, өз пәні бойынша ОӘК әзірлеуге қатысу;

кәсіби қауымдастықтар мен білім беру қауымдастықтарында оқыту жөніндегі іс-шараларға қатысу (оның ішінде желілік).

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 27.09.2024ж. дейін  БҚО, Орал қаласы, Абай даңғылы 238/2, 2 қабат, 203 кабинет мекенжайы бойынша немесе  e-mail: zkoipk@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады. Анықтамалар телефоны: 8(7112) 25-15-55, 87011545581.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2024 жылдың 30 қыркүйек күні БҚО,  Орал қаласы, Абай даңғылы 238/2, 2 қабат, 203-кабинет.Кандидаттың құжаттарды уақытылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job