Архив
“Өрлеу” по Западно-Казахстанской области
Размещено 2 месяца тому назад
  • Информатика – 1 бірлік (мемлекеттік және орыс тілдерін меңгерген кандидат);

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім, педагогикалық жұмыс өтілі немесе лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл.

Академиялық дәрежесі немесе PhD докторы дәрежесі болса, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде екі жыл.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдары және біліктілікті арттыру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын, еңбек заңнамасын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілер; еңбек қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, техникалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары, қарым-қатынас мәдениеті және қызметтік этика; педагогикалық этика нормалары, оқу жоспарларын құру тәртібі, оқу жұмысы бойынша құжаттаманы жүргізу ережелері, педагогика, психология, андрагогика, қаржылық сауаттылық негіздері; білім беру саласында стратегиялық жоспарлау және басқару принциптері; ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты тәсілдер; өмір бойы оқыту және педагогтардың үздіксіз кәсіби дамуы концепциясы; қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және білім беру платформалары; бағдарламаларды әзірлеу және білім беру бағдарламаларының тиімділігін бағалау әдістемесі; әдістемелік материалдар; инновациялық білім беру технологиялары, оның ішінде қашықтықтан оқыту; оқытушылардың оқу және курстан кейінгі қызмет барысында өзара әрекеттесуін ұйымдастырудың нысандары, әдістері, құралдары мен ресурстары.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар әкімшілік -кадрлық жұмыс басқармасы кадр мәселелері жөніндегі бас маманына көрсетілген құжаттардың көшірмелерін (нотариалды куәландырған) жеке өзі тапсырады:

  • конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;
  • фотосуреті бар түйіндеме;
  • ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қаңдастар жергілікті атқарушы органдар берген қаңдас куәлігін ұсынады;
  • шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
  • білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;
  • Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  • Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 21 мамырды қоса есептегенде БҚО, Орал қаласы, Абай даңғылы 238/2, 2 қабат, 203-кабинет мекенжайы бойынша немесе e-mail: zkoipk@orleu-edu.kz  электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Анықтамалар телефоны: 8(7112) 24-07-93, 8-701-154-55-81

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2025 жылдың 22 мамыр күні, сағат 10:00е БҚО, Орал қаласы, Абай даңғылы 238/2, 2 қабат, 203-кабинет

Кандидаттың құжаттарды уақытылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job