«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедрасының аға оқытушысы лауазымына конкурс жариялайды
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедрасының аға оқытушысы лауазымына конкурс жариялайды
Актуалды
“Өрлеу” по Западно-Казахстанской области
Posted 5 дня ago
- Ағылшын тілі – толық емес жұмыс күніне (мемлекеттік және орыс тілдерін меңгерген кандидат);
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім, педагогикалық жұмыс өтілі немесе лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл.
Академиялық дәрежесі немесе PhD докторы дәрежесі болса, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде екі жыл.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдары және біліктілікті арттыру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын, еңбек заңнамасын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілер; еңбек қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, техникалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары, қарым-қатынас мәдениеті және қызметтік этика; педагогикалық этика нормалары, оқу жоспарларын құру тәртібі, оқу жұмысы бойынша құжаттаманы жүргізу ережелері, педагогика, психология, андрагогика, қаржылық сауаттылық негіздері; білім беру саласында стратегиялық жоспарлау және басқару принциптері; ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты тәсілдер; өмір бойы оқыту және педагогтардың үздіксіз кәсіби дамуы концепциясы; қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және білім беру платформалары; бағдарламаларды әзірлеу және білім беру бағдарламаларының тиімділігін бағалау әдістемесі; әдістемелік материалдар; инновациялық білім беру технологиялары, оның ішінде қашықтықтан оқыту; оқытушылардың оқу және курстан кейінгі қызмет барысында өзара әрекеттесуін ұйымдастырудың нысандары, әдістері, құралдары мен ресурстары.
Кәсіби білім:
-«Педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санатының болуы;
-Төмендегі сертификаттардың бірінің болуы міндетті:
- IELTS кемінде 6.5 (speaking бөлімі кемінде 6.5);
- TOEFL IBT кемінде 87 (speaking бөлімі кемінде 20), PBT кемінде 575;
- Duolingo кемінде 120 (speaking бөлімі кемінде 120);
- DELTA;
- CELTA;
- TESOL;
- TEFL;
- FCE кемінде Grade B;
- CAE кемінде B2 деңгейі;
- CPE.
– білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелері;
– теориялық, қолданбалы, оның ішінде әдістемелік, пәндік саланың/қызметтің негіздері, заманауи педагогикалық технологиялар, ересектерді оқыту процесін бақылау және бағалау әдістері;
– пәндік педагогика негіздері; тыңдаушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және білім беру қағидаттары;
– білім беру бағдарламасының тұжырымдамалық негіздері;
– оқу процесін ұйымдастыру қағидаттары, заңдылықтары, нысандары, әдістері мен тәсілдері бөлігінде жас психологиясының, педагогикасының, андрагогикасының негіздері;
– құқықтық, әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздік негіздері, білім беру үдерісіндегі денсаулық сақтау ортасының компоненттері;
– білім беру процесін зерттеу тәсілдері, әдістері мен құралдары, оқытудың өзіндік тәжірибесін рефлексиялау әдістері;
– педагогикалық әдеп, зерттеу және академиялық адалдық нормалары;
– тыңдаушыларды оқыту мен бағалауды қолдау үшін цифрлық білім беру платформаларының құралдарын пайдалану бөлігіндегі құзыреттілік.
Кәсіби дағдылар мен біліктер:
– білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелерін сақтайды және пайдаланады;
– пәндік білімді қолданады және оны педагогикалық тиімді оқыту нысандарына айналдырады;
– заманауи педагогикалық технологияларды, белсенді әдістерді, оқыту нысандарын, ресурстары мен стратегияларын, ересектердің оқу процесін бақылау және бағалау әдістерін таңдайды және тиімді қолданады;
– білім беру бағдарламасын жобалау дағдыларын меңгерген;
– инклюзивті орта құру және тыңдаушыларды тарту стратегияларын меңгерген, олардың жеке және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін жоспарлайды;
– жас психологиясының, педагогиканың, андрагогиканың негізгі қағидаттары мен заңдылықтарына сәйкес оқу процесін ұйымдастырудың әртүрлі нысандарын, әдістері мен тәсілдерін қолданады;
– құқықтық, әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздікті сақтайды, білім беру процесінде денсаулық сақтау ортасын қалыптастырады;
– оқыту процесін жетілдіру бойынша өзекті зерттеулердің нәтижелерін зерттейді, рефлексиялайды және өзінің оқыту тәжірибесін зерттейді;
– педагогикалық әдеп, зерттеу және академиялық адалдық нормаларын сақтайды;
– тыңдаушыларды тарту, оларды бағалау және кері байланыс алу үшін оқу процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды тиімді пайдаланады.
Артықшылық беріледі:
кәсіби конкурстар мен олимпиадаларға, педагогикалық шеберлік конкурстарына, республикалық және облыстық форумдарға, семинарларға/вебинарларға, конференцияларға, мастер-кластарға және т.б. қатысу туралы растайтын құжаттардың болуы;
зерттеулер негізінде бағдарламаларды зерттеу және әзірлеу жобаларына қатысу;
авторлық бағдарламаларды әзірлеуге, өз пәні бойынша ОӘК әзірлеуге қатысу;
кәсіби қауымдастықтар мен білім беру қауымдастықтарында оқыту жөніндегі іс-шараларға қатысу (оның ішінде желілік).
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім
– конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;
– дербес деректер, еңбек (функционалдық) тәжірибесі, білімі, жобаларға қатысуы, жетістіктері, тілдерді білуі, қызығушылықтары (хоббиі) және т. б. бөлігінде егжей-тегжейлі және дәйекті, фотосы бар өзекті түйіндеме; – қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе PhD философия докторы), ғылыми атағы (профессор, қауымдастырылған профессор, доцент), қайта даярлау және біліктілігін арттыру, қосымша оқудан өту туралы құжаттардың көшірмелері; ғылыми еңбектер, әдістемелік жарияланымдар мен өнертабыстар (бар болса); еңбек кітапшасының немесе біліктілік конкурсының талаптары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі, біліктілік санаттарына қатысты қосымша ақпарат, қажет болған жағдайда – алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар).
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары, сондай-ақ:
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 01 тамызды қоса есептегенде БҚО, Орал қаласы, Абай даңғылы 238/2, 2 қабат, 203-кабинет мекенжайы бойынша немесе e-mail: zkoipk@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Анықтамалар телефоны: 8(7112) 55-48-87
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2025 жылдың 04 тамыз күні, сағат 10:00-де БҚО, Орал қаласы, Абай даңғылы 238/2, 2 қабат, 203-кабинетКандидаттың құжаттарды уақытылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.