«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы жаратылыстану-математикалық бағыттағы кафедрасының аға оқытушысы (1 бірлік ) лауазымына конкурс жариялайды
Актуалды
“Өрлеу” по Западно-Казахстанской области
Posted 2 дня ago
- Информатика
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім, педагогикалық жұмыс өтілі немесе лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл;
- ғылыми дәрежесі немесе PhD докторы дәрежесі болса, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде екі жыл;
- халықаралық сертификаттарының болуы;
- мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеруі.
Білуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңдарын және біліктілікті арттыру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді, еңбек заңнамасын;
- еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі, қарым -қатынас мәдениеті мен еңбек этикасы ережелері мен нормаларын;
- педагогикалық әдеп нормаларын, оқу жоспарларын жасау тәртібін, тәрбие жұмысы бойынша құжаттаманы жүргізу ережелерін, педагогика, психология, андрогика, қаржылық сауаттылық негіздерін;
- білім берудегі стратегиялық жоспарлау және басқару принциптері;
- ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің тәсілдері;
- үздіксіз білім алу және мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуы тұжырымдамасы;
- қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен білім беру платформалары;
- бағдарлармаларды әзірлеу және білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендердің тиімділігін бағалау әдістемесі;
- инновациялық білім беру технологиялары, оның ішінде қашықтықтан оқыту;
- оқыту және курстан кейінгі іс-әрекеттер кезінде мұғалімдердің өзара әрекетін ұйымдастырудың нысандары, әдістері, құралдары мен ресурстарын.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
- дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру (сілтеме);
- конкурс комиссиясы Төрағасының атына өтініш (сілтеме);
- фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме;
- ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
- қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе PhD докторы) ғылыми атағы (профессор, доцент туралы құжаттардың көшірмелері), қайта даярлау және біліктілікті арттыру, қосымша оқыту туралы құжаттардың көшірмелері; ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың тізбесі (бар болса); еңбек кітапшасының көшірмесі немесе талап етілетін біліктілікке сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері, біліктілк санаттарына қатысты қосымша ақпарат қажет болған жағдайда-алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар.
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 12 тамызды қоса есептегенде БҚО, Орал қаласы, Абай даңғылы 238/2, 2 қабат, 203-кабинет мекенжайы бойынша немесе e-mail: zkoipk@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Анықтамалар телефоны: 8(7112) 24-07-93, 8-701-154-55-81
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2025 жылдың 13 тамыз күні, сағат 10:00-де БҚО, Орал қаласы, Абай даңғылы 238/2, 2 қабат, 203-кабинет
Кандидаттың құжаттарды уақытылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.