Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 20 часа ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бағыт бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласында кемінде соңғы үш жыл жұмыс өтілі, мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеруі. 

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Салық кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы”, “білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы”, “Мемлекеттік мүлік туралы” және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар; компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (Word, Excel, PowerPoint, Outlook, 1C бухгалтерлік есеп 8.3.); Қазақстан Республикасының өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметті реттейтін салалардағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, ұйымдағы шаруашылық қызметті бухгалтерлік есепке алу мен талдаудың нысандары мен әдістері, халықаралық қаржылық есептілік стандарттары, экономика негіздері, Құжаттамалық тексерулер мен тексерулер жүргізу тәртібі, мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізудің дұрыстығы, құжат айналымын ұйымдастыру бухгалтерлік есеп шоттарында операцияларды құжаттау және көрсету тәртібі, негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының қозғалысына, шоттардың жоспары мен хат-хабарларына, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың негіздеріне, экономикаға, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыруға, шаруашылық жүргізу әдістеріне, есептеу техникасын пайдалану қағидаларына, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларына, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларына, өрт қауіпсіздігінің, ақпараттық қауіпсіздіктің талаптарына байланысты. 

Негізгі міндеттері: 

1) Орталық аппарат бойынша көрсетілген қызметтер үшін жеткізушілермен және Тапсырыс берушілермен есеп айырысуды жүргізуге, орталық аппараттың көрсетілген қызметтерінің актілері бойынша электрондық шот-фактураларды қалыптастыруға және жөнелтуге; 

2) қаржылық тәртіпті сақтауға және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысуға; 

3) өтеулі қызметтер көрсету туралы шарттар бойынша мониторинг пен бақылауды, өтеулі қызметтер көрсету туралы шарттар бойынша көрсетілген қызметтер актілерін жүргізуді жүзеге асыруға құқылы; 

4) қоғамның кірістері мен шығыстары туралы балансты және жедел жиынтық есептерді, басқа да бухгалтерлік және статистикалық есептілікті қалыптастыру кезінде қатысуға және оларды белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсынуға; 

5) бухгалтерлік есептіліктің басшыларын, кредиторларын, инвесторларын, аудиторларын және басқа да пайдаланушыларын есепке алудың тиісті бағыттары бойынша салыстырмалы және анық бухгалтерлік ақпаратпен қамтамасыз етуге міндетті; 

6) бухгалтерлік ақпараттың дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және сақтау жөніндегі жұмыстарды орындауға міндетті; 

7) құрылымдық бөлімшелердің басшыларына, филиалдарға және қоғамның басқа да қызметкерлеріне шаруашылық қызметті есепке алу, бақылау, есептілік және талдау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетуге; 

8) мүлікті түгендеуге қатысуға; 

9) қоғамның барлық филиалдарымен байланыста жұмыс істеуге. 

Ұсынылатын құжаттар тізбесі 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады: 

Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме); 

фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме); 

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты; 

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады; 

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі; 

қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері); 

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады. 

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді. 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 18 шілдені қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі. 

Сұхбат өткізу күні және орны: 

2025 жылғы 21 шілде, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет. 

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. 

Apply For This Job