Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 4 дня ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: 

Ақпараттық технологиялар, деректерді талдау, машиналық оқыту, қолданбалы математика немесе соған ұқсас салалар бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы; мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі; мемлекеттік және/немесе орыс тілдерін меңгеруі, ағылшын тілін білуі – құпталады. Машиналық оқыту (ML) және жасанды интеллект (AI) модельдерін әзірлеу саласында практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы. 

Білуге тиіс: 

Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының келесі заңдарын: «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы»; ақпараттық технологиялар және деректерді қорғау саласындағы қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; еңбек заңнамасын; ішкі еңбек тәртібінің ережелерін; еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және экологиялық қауіпсіздік талаптарын; заманауи машиналық оқыту алгоритмдерін және оларды қолдану әдістерін; ML/AI шешімдерін әзірлеуге арналған негізгі кітапханалар мен құралдарды; деректерді дайындау, өңдеу және талдау әдістерін; машиналық оқыту модельдерін құру, сынау және оңтайландыру принциптерін; деректер базасымен жұмыс істеу негіздерін; үлкен деректерді сақтау және өңдеу негіздерін; ML-модельдерді ақпараттық жүйелерге біріктіру негіздерін; ақпараттық қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғау негіздерін. 

Негізгі міндеттері: 

  1. Еңбек өнімділігін, кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру арқылы міндеттерін нәтижелі орындауды қамтамасыз ету; 
  1. Машиналық оқыту және жасанды интеллект модельдерін әзірлеу және оқыту; 
  1. Үлкен деректерді дайындау, өңдеу және талдау; 
  1. Жасанды интеллект шешімдерін оңтайландыру және сүйемелдеу; 
  1. Жобалар бойынша техникалық құжаттаманы жүргізу; 
  1. Жасанды интеллект саласында жаңа тәсілдерді зерттеу және енгізу; 
  1. Еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін мүгедектік немесе денсаулық жағдайының нашарлауы туралы жұмыс берушіге хабарлау; 
  1. Адам өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін жағдайлар немесе жұмыс процесінің тоқтауы туралы жұмыс берушіге хабарлау; 
  1. Зертхананың функционалдық бағыттарына қатысты мәселелер бойынша негізгі қызметке қатысты бұйрық жобаларын әзірлеу және қызметтік хаттар дайындау; 
  1. Бағалау рәсімдеріне байланысты құжаттаманы есепке алу және бақылау жүргізу; 
  1. Бағалау рәсімдеріне қатысты құпия деректердің қорғалуын қамтамасыз ету. 

Ұсынылатын құжаттар тізбесі 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады: 

Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме); 

фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме); 

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты; 

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады; 

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі; 

қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері); 

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады. 

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді. 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 ж. 08 тамыз қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі. 

Сұхбат өткізу күні және орны: 

2025 жылғы 11 тамыз, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет. 

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. 

Apply For This Job