Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 4 дня ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және экономист лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілі; мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеруі. 

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» және білім беру саласындағы өзге де құқықтық актілер мен нормативтік құқықтық актілер, бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспарлары мен есептілігін әзірлеу; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; қаржы ресурстарын бөлу тәртібі; Бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесі; қаржылық есеп айырысулардың тәртібі мен нысандары; тариф белгілеу. 

Негізгі міндеттері: 

  1. Қоғамның және Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерін әзірлеу және бекітуге енгізу жұмыстарын жүргізу, соның ішінде Қоғамның бес жылдық даму жоспарын, Қоғамның Даму жоспарының жылдық және жарты жылдық нақтылауларын енгізу; 
  1. Қоғамның ішкі бюджетін қалыптастыруға ұсынылған құрылымдық бөлімшелердің бюджеттік өтінімдерін тексеруді қамтамасыз ету; 
  1. Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде шығыстар баптарынан қаражат жұмсау бойынша Бюджет комиссиясының қарауына қорытындылар енгізу; 
  1. Есепті кезеңдегі Қоғамның Даму жоспарының орындалуы туралы есепті әзірлеу және бекітуге енгізу жұмыстарын жүргізу, есепті кезеңдегі Қоғамның Даму жоспарын іске асыруды мониторингілеуді және бағалауды жүзеге асыру; 
  1. Бекітілген қаржылық көрсеткіштерді Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне жеткізу; 
  1. Жоғары тұрған ұйыммен және Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен хат алмасу жүргізу; 
  1. Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмаған көздер есебінен кіріс алуға бағытталған ұсыныстарды әзірлеуге қатысу; 
  1. Оларды инвестициялаудан алынған кірістер туралы мәліметтерді талдау, жиынтық есептілік құрастыру; 
  1. Қоғамның жарғылық қызметі шеңберінде көрсетілетін қызметті ұсыну үшін тиісті қаржылық кезеңге арналған бюджеттік өтінімді Бір акционерге енгізу және бюджеттік өтінімде көрсетілген шығыстарды негіздеу; 
  1. Тиісті қаржылық кезеңге арналған мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлеуге және оған тиісті қаржылық кезеңге арналған ұсыныстар енгізуге қатысу; 
  1. Қаржылық, экономикалық және басқарушылық есепке алу талаптарына сәйкес қаржылық есепке алу және есептілік ақпараттық жүйесін қалыптастыру жұмыстарын жүзеге асыру, ішкі және сыртқы пайдаланушыларға қажетті қаржылық, экономикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету; 
  1. Қаржылық тәртіпті, бекітілген Қоғамның Даму жоспарына сәйкес шығыстар баптарынан қаражат жұмсауды сақтауды қамтамасыз ету. 

Ұсынылатын құжаттар тізбесі 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады: 

Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме); 

фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме); 

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты; 

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады; 

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі; 

қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері); 

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады. 

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді. 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 08 тамыз қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі. 

Сұхбат өткізу күні және орны: 

2025 жылғы 11 тамыз, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет. 

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. 

Apply For This Job