Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 4 дня ago

Біліктілікке қойылатын талаптар:  

тиісті бейін бойынша жоғары және / немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім, білім беру ұйымдарындағы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде үш жыл жұмыс өтілі, мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеруі, ағылшын тілін еркін меңгергені жөн. 

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы”, “Ғылым туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді; Педагогика және психология негіздері; білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктері; педагогикалық әдеп нормалары; менеджмент, Экономика, Қаржы-шаруашылық қызмет, андрагогика, синергетика, педагогика, психология негіздері; Компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі ережелері, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, өрт қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік талаптары. 

Негізгі міндеттері: 

1) бағалау нәтижелері бойынша деректерді талдауға, өңдеуге және түсіндіруге, негізделген қорытындылар мен ұсынымдарды тұжырымдауға; 

2) бағалаудың және оқытудың тиімділігінің өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуге; 

3) талдамалық есептерді дайындауға және бағалау нәтижелерін әртүрлі форматта (презентациялар, баяндамалар, анықтамалар және т. б.) ұсынуға; 

4) бағалау рәсімдеріне байланысты құжаттаманы есепке алуды және бақылауды жүргізу; 

5) тыңдаушылардың, жаттықтырушылардың және бағалау құралдарының дерекқорларын әкімшілендіруге, олардың өзектілігін қамтамасыз етуге; 

6) бағалау мәселелері бойынша әдістемелік сүйемелдеу және кеңес беру; 

7) бағалау рәсімдері бойынша оқыту іс-шаралары мен семинарлар өткізуге; 

8) мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасауға, олардың бағалау рәсімдеріне қатысуын үйлестіруге; 

9) өңірлік мониторинг қызметі сарапшыларының қызметін үйлестіру;  

10) есептілікті уақтылы жасауды, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттаманы жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті; 

11) негізгі қызмет бойынша бұйрықтардың жобаларын әзірлеуге және Департамент қызметінің функционалдық бағыттарына қатысты мәселелер бойынша қызметтік хаттар дайындауға; 

12) бағалау рәсімдерімен байланысты құпия деректердің қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті. 

Ұсынылатын құжаттар тізбесі 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады: 

Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме); 

фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме); 

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты; 

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады; 

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі; 

қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері); 

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады. 

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді. 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 ж. 08 тамыз қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі. 

Сұхбат өткізу күні және орны: 

2025 жылғы 11 тамыз, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет. 

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. 

Сұхбат өткізу күні және орны: 

2025 жылғы 11 тамыз, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет. 

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. 

Apply For This Job