«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Сапаны бағалау департаменті директорының орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 4 дня ago
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе кәсіптік білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл. Ғылыми дәрежесі немесе PhD докторы дәрежесі болған жағдайда-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру. Білім беру саласындағы педагогикалық өлшемдер, мониторинг және бағалау саласындағы қосымша білім беру немесе біліктілікті арттыру курстары. Бағалау және мониторингтік зерттеулер рәсімдерін жүргізуге қатысу тәжірибесі.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ бағалау рәсімдерін ұйымдастыру мен жүргізуді реттейтін актілерді. Жұмыс процестерін жедел басқару және бақылау әдістері, персоналды басқару принциптері, бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру. Ішкі еңбек тәртібі ережелері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.
Негізгі міндеттері:
1) бағалау рәсімдерін жүргізуді ұйымдастыруға және бақылауға;
4) Бағалау жөніндегі нормативтік, нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге және жетілдіруге қатысуға міндетті;
5) бағалау құралдарын әзірлеуді, сараптаманы үйлестіруге;
6) бағалау нәтижелерін талдау және түсіндіру, негізделген қорытындылар мен ұсынымдарды тұжырымдау;
7) бағалаудың және оқытудың тиімділігінің өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті
8) бағалау нәтижелері бойынша деректерді жинауды, өңдеуді және дұрыстығын тексеруді үйлестіру;
9) тыңдаушылардың, жаттықтырушылардың және бағалау құралдарының дерекқорларын жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
10) талдамалық есептерді дайындауға, талдау нәтижелерін әртүрлі форматта (презентациялар, баяндамалар, анықтамалар және т. б.) ұсынуға;
11) бағалау мәселелері бойынша оқыту іс-шаралары мен семинарларын ұйымдастыруға және өткізуге;
12) өңірлік мониторинг қызметі сарапшыларының жұмысын үйлестіру және оларды әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
13) Департаменттің функционалдық бағыттары шеңберінде негізгі қызмет бойынша бұйрықтардың жобаларын әзірлеу;
14) Департамент құжаттамасының жүргізілуін бақылауға, есепті және жұмыс құжаттарының сақталуын, олардың уақтылы ресімделуін және берілуін қамтамасыз етуге міндетті;
15) бағалау рәсімдерімен байланысты құпия деректердің қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 ж. 08 тамыз қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2025 жылғы 11 тамыз, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.