«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Сапаны бағалау департаментінің бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 4 дня ago
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе кәсіптік білім. Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл. Ғылыми дәрежесі немесе PhD докторы дәрежесі болған жағдайда-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл. Білім беру саласындағы педагогикалық өлшемдер, мониторинг және бағалау саласындағы қосымша білім беру немесе біліктілікті арттыру курстары. Бағалау және мониторингтік зерттеулер рәсімдерін жүргізуге қатысу тәжірибесі.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін. Жобаларды басқару негіздері, деректердің үлкен массивтерін талдау және өңдеу әдістері, бағалау процедураларын жүргізудің негізгі тәсілдері. Ішкі еңбек тәртібі ережелері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.
Негізгі міндеттері:
1) Бағалау жөніндегі нормативтік, нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге және жетілдіруге қатысуға;
2) міндеттерді тиімді орындау үшін кәсіби деңгейін, біліктілігін және еңбек өнімділігін арттыру;
3) бағалау нәтижелері бойынша деректерді талдауға, өңдеуге және түсіндіруге, негізделген қорытындылар мен ұсынымдарды тұжырымдауға;
4) бағалаудың және оқытудың тиімділігінің өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуге;
5) талдамалық есептерді дайындауға және бағалау нәтижелерін әртүрлі форматта (презентациялар, баяндамалар, анықтамалар және т. б.) ұсынуға;
6) бағалау рәсімдеріне байланысты құжаттаманы есепке алуды және бақылауды жүргізу;
7) тыңдаушылардың, жаттықтырушылардың және бағалау құралдарының дерекқорларын әкімшілендіруге, олардың өзектілігін қамтамасыз етуге;
8) бағалау мәселелері бойынша әдістемелік сүйемелдеу және кеңес беру;
9) бағалау рәсімдері бойынша оқыту іс-шаралары мен семинарлар өткізуге;
10) мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасауға, олардың бағалау рәсімдеріне қатысуын үйлестіруге;
11) өңірлік мониторинг қызметі сарапшыларының қызметін үйлестіру;
12) есептілікті уақтылы жасауды, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттаманы жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 ж. 08 тамыз қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2025 жылғы 11 тамыз, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.