Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 5 дня ago

Біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес: ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар немесе “Болашақ” халықаралық стипендиясының түлектері болып табылатын кандидаттар үшін жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; мемлекеттік және (немесе)) орыс тілінде, ағылшын тілінде. 

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Республиканың еңбек кодексін – Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Ғылым туралы”, “Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы” Қазақстан Республикасының заңдарын”, “Акционерлік қоғамдар туралы”,” Мемлекеттік мүлік туралы”, Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын білім берудің өзге де нормативтік құқықтық актілері, Педагогикалық этика ережелері, ұйымдастыру ережелері: 

Негізгі міндеттері: 

1) стратегиялық қызметті жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмыстың перспективалық және жылдық жоспарларын жасауға; 

2) есептерді уақтылы жасауға, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттаманы жүргізуге; 

3) Қоғамның қызметі туралы талдамалық есепті (кестелермен, слайдтармен, диаграммалармен) дайындау; 

4) қоғам басшылығына ұсынылатын нормативтік-құқықтық, әдістемелік, әдіснамалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық-техникалық құжаттаманы талдауға; 

5) Қоғамның стратегиялық міндеттерін тиімді іске асыру, халықаралық аккредиттеу бойынша құрылымдық бөлімшелермен жұмыс істеуге; 

6) Қоғамның стратегиялық жоспарларының орындалуына мониторинг жүргізу құралдарын әзірлеу;  

7) қоғамның халықаралық, ұлттық жобалары мен іс-шараларының іске асырылуын қамтамасыз етуге міндетті;  

8) Қоғам қызметінің бағыты бойынша шетелдік білім беру ұйымдарымен және сарапшылармен әріптестік қатынастарды іздестіруді және орнатуды қамтамасыз етуге міндетті;  

9) институционалдық а бойынша жұмыс жүргізу. 

Ұсынылатын құжаттар тізбесі 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады: 

Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме); 

фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме); 

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты; 

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады; 

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі; 

қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері); 

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады. 

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді. 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 12 қыркүйек қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі. 

Сұхбат өткізу күні және орны: 

2025 жылғы 15 қыркүйек, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет. 

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. 

Apply For This Job