«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Оқу процесін ұйымдастыру департаментінің жетекші маманы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Архив
Центральный аппарат "Өрлеу"
Размещено 7 месяцев тому назад
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бағыт бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымдарындағы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл.
Білуге тиіс: білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық актілер, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбекті қорғау қағидалары мен нормалары, өрт қауіпсіздігі талаптары.
Негізгі міндеттері:
1) Қоғамның филиалдарын тәрбие жұмысының басым бағыттары бойынша қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге;
2) біліктілікті арттыру және ересектерді оқыту жүйесінің жай-күйі туралы деректер банкін қалыптастыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді (ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау, талдау);
3) білім беру ұйымдарының педагог кадрларының біліктілігін арттыру бойынша білім алушының қаражаты есебінен мемлекеттік тапсырыстарды, көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік сатып алу шеңберінде қызметтерді орындауды бақылауды жүзеге асырады;
4) мұғалімдердің жоспарлы контингенті бойынша тапсырмалардың жобаларын әзірлейді;
5) ішкі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес оқу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша Қоғамның қызметіне қатысуға;
6) білім беру қызметін ұйымдастыруда жаңа тұжырымдамалық тәсілдерді әзірлеу және енгізу кезінде ұсыныстарды, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді талдауды қамтамасыз етеді;
7) Қоғамның білім беру қызметінің мәселелері бойынша деректер жинауға, талдамалық есептер мен ақпараттық анықтамалар дайындауға;
8) Қоғамның білім беру қызметі стандарттарының жоспарлануын және орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
9) сала мамандарына біліктілікті арттыру мәселелері бойынша консультациялық көмекті ұйымдастыруға, біліктілікті арттырудың түрлері мен нысандарын айқындауға қатысуға;
10) аудиториялық қорды және оқу жүктемесін ұтымды пайдалану бойынша ұсынымдар дайындауға қатысуға;
11) филиалдардың оқу-тақырыптық жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
12) филиалдардың оқу құжаттамасына жүйелі талдау және бақылау жүргізеді;
13) білім беру процесін реттейтін нормативтік құжаттардың электрондық дерекқорын құру шеңберінде барлық оқу құжаттамасын автоматтандырылған дайындауды жүзеге асырады.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);
-дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 жылғы 1 қарашаны қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2024 жылғы 4 қараша, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 31 кабинет.
Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.