«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Білім беру бағдарламалары департаменті директорының орынбасары бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды
Архив
Центральный аппарат "Өрлеу"
Размещено 4 месяца тому назад
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi педагогикалық немесе тиісті бейіні бойынша өзге кәсіптік бiлiмi, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; ғылыми немесе академиялық дәрежесі болғанда педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл; мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеруі, ағылшын тілін еркін меңгеруіне басымдық беріледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Ғылым туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамыту бағыттары мен перспективаларын; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартын; андрагогиканы, синергетиканы, педагогиканы, психологияны; педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін; педагогикалық әдеп нормаларын; менеджмент, экономика, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін; компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияны айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды; ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.
1. Педагогтердің қажеттіліктерін диагностикалау, білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау бойынша зерттеулер мен мүдделі тұлғалардың курстардың сапасына қанағаттануын мониторингтеу нәтижелерін зерделеу бойынша жұмысты жүзеге асыруға және ұйымдастыруға;
2. Қоғамның профессорлар мен оқытушылар құрамына біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламасы мен оқу-әдістемелік кешенін әзірлеудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын айқындауда консультация беруге;
3.Қоғамның профессорлар мен оқытушылар құрамына оқытудың мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын айқындауда консультация беруге;
4. Қоғамның профессорлар мен оқытушылар құрамын кәсіби дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыруға;
5. Жұмыскерлердің білім беру бағдарламаларын әзірлеудің инновациялық қазақстандық және халықаралық тәжірибесін шолу мен талдау бойынша қызметін жүзеге асыруға және ұйымдастыруға;
6. Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларын және оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу, жаңарту және бекіту процестерін сапалы іске асыруды қамтамасыз етуге;
8. Қоғам филиалдарының біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу бойынша қызметін ұйымдастыруға;
9. Қоғамның тақырыптық жоспарын әзірлеуді, бекітуді және іске асыруды ұйымдастыруға;
10. оқытушылардың кәсіби дамуын курстан кейінгі қолдау бағытында өзара іс-қимыл жасай отырып, әдістемелік бағыт бойынша жаңа, алғаш енгізілетін жұмыс түрлері бойынша жұмысты үйлестіруге;
11.Қоғамның әдістемелік базасын біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларымен және оларға арналған оқу-әдістемелік кешендермен толықтыру процесін үйлестіру
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);
-дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 29 қаңтарды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Құқықтық және кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2025 жылғы 30 қаңтар, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 28 кабинет.
Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.