«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Әдістемелік сүйемелдеу департаментінің бас маманы бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды
Архив
Центральный аппарат "Өрлеу"
Размещено 3 месяца тому назад
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі, білім беру ұйымдарындағы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде үш жыл жұмыс өтілі, мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеруі, ағылшын тілін еркін меңгеруіне басымдық беріледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Ғылым туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамыту бағыттары мен перспективаларын; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартын; андрагогиканы, синергетиканы, педагогиканы, психологияны; педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін; педагогикалық әдеп нормаларын; менеджмент, экономика, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін; компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияны айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды; еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.
1) курстан кейінгі қолдаудың, педагогтер қызметінің нәтижелерін бағалаудың тәсілдерін, әдістемелік материалдары мен ресурстарын әзірлеуге;
2) педагогтер қызметін курстан кейінгі қолдауды ұйымдастыруға;
3) педагогтер қызметін курстан кейінгі қолдау фасилитаторларының базасын іріктеу және қалыптастыру жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға;
4) педагогтер қызметін әдістемелік қолдау іс-шараларының (тренингтер, семинарлар, коучингтер, байқау, консультациялар, мастер-кластар және т. б.) сапасына мониторинг жүргізу және оны бағалау үшін материалдар әзірлеуге;
5) курстан кейінгі қолдау бөлігінде біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларын мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу үшін материалдар дайындауға қатысуға;
6) Қоғамның профессорлар мен оқытушылар құрамы мен тренерлері, педагог-тәлімгерлер және білім беру ұйымдарының басшылары, білім басқармаларының әдіскерлері үшін педагогтердің қызметін әдістемелік қолдау бойынша әртүрлі форматтағы оқыту, консультациялық іс-шараларды әзірлеуге, ұйымдастыруға және өткізуге;
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);
-дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 13 ақпанды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Құқықтық және кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2025 жылғы 14 ақпан, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 28 кабинет.
Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.