«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Оқу-әдістемелік жұмыс департаментінің бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Актуалды
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 недели ago
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Педагогикалық немесе бейіні бойынша кәсіби бағыттағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде екі жыл болуы тиіс. Ғылыми дәреженің немесе философия докторы (PhD) дәрежесінің болуы құпталады. Мемлекеттік және/немесе орыс тілін меңгеруі тиіс, ағылшын тілін білуі құпталады.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Ғылым туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын және білім беру саласының даму бағыттары мен келешегін айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді білуі тиіс.
– Педагогикалық этика қағидаларын, педагогтерді біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагог қызметін посткурстық сүйемелдеу қағидаларын, педагогтерді аттестаттау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, техникалық және өрт қауіпсіздігі, санитарлық қағидалар мен нормаларды және қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді білуі қажет;– Педагогика және психология, андрагогика, қаржылық сауаттылық, білім беру саласындағы стратегиялық жоспарлау және басқару, ғылыми-зерттеу қызметі негіздерін; өмір бойы білім алу және педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы тұжырымдамасын; заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және білім беру платформаларын; білім беру бағдарламалары мен педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін бағалау тәсілдерін, әдістемелік материалдарды әзірлеуді; кәсіби оқыту әдістемесін, оқытудың заманауи формалары, әдістері мен құралдарын білуі тиіс. Ұйымның оң имиджін қолдай білуі қажет.
Негізгі міндеттері:
- Педагогтердің қызмет нәтижелерін бағалау және посткурстық сүйемелдеу тәсілдерін әзірлеу бойынша инновациялық қазақстандық және халықаралық тәжірибелерді шолу және талдау жүргізу;
- Педагогтердің қызмет нәтижелерін бағалау және посткурстық сүйемелдеу бойынша тәсілдер, әдістемелік материалдар мен ресурстар әзірлеу;
- Педагогтердің қызметін посткурстық сүйемелдеу іс-шараларын ұйымдастыру;
- Педагогтердің қызметін посткурстық сүйемелдеу бойынша фасилитаторлар базасын іріктеу және қалыптастыру жұмыстарын жүзеге асыру;
- Педагогтердің қызметін әдістемелік сүйемелдеу сапасын мониторингтеу және бағалау бойынша материалдарды әзірлеу (тренингтер, семинарлар, коучингтер, бақылау, консультациялар, шеберлік сыныптары және т.б.);
- Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламалары бойынша арнайы (бағдарламалық) аккредиттеуге материалдар дайындауға посткурстық сүйемелдеу бөлігінде қатысу;
- «USTAZ» үздіксіз кәсіптік даму ұлттық платформасының электрондық-ақпараттық жүйесі бойынша әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тәсілдер, материалдар және ресурстар әзірлеу;
- Педагогтерді аттестаттауды әдістемелік сүйемелдеу бойынша бағдарламалар мен нұсқаулық-әдістемелік материалдарды әзірлеп, бекітуге дайындау;
- Біліктілікті арттыру курстарында педагогтерді оқыту бойынша профессорлық-оқытушылық құрамды (тренерлерді) оқытуға арналған іс-шараларды әзірлеу және өткізу;
- Астана қаласы бойынша біліктілікті арттыру курстарында педагогтерді оқытуды ұйымдастыру;
- Педагогтердің қызметін әдістемелік сүйемелдеу бойынша қоғамның профессорлық-оқытушылық құрамы мен тренерлеріне, тәлімгер-педагогтер мен білім беру ұйымдарының басшыларына, білім басқармаларының әдіскерлеріне арналған оқыту, кеңес беру іс-шараларын әртүрлі форматта әзірлеу, ұйымдастыру және өткізу;
- Әдістемелік материалдарды әзірлеу, сараптамадан өткізу және бекітуге дайындау, оқу-әдістемелік құралдарға, нұсқаулық хаттарға рецензия беру;
- Департамент қызметіне қатысты әдістемелік деректер базасына мониторинг жүргізу;
- Департамент туралы ережені, оның қызметі мен педагогтердің әдістемелік және посткурстық сүйемелдеу іс-шараларын ұйымдастыруға қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және өзектендіру;
- Департамент құзыреті шеңберінде Қоғам жобаларына, сондай-ақ білім беру саласындағы ұлттық және халықаралық жобаларға қатысу.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 23 мамырды қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2025 жылғы 26 мамыр, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.