Бүгін жайлы мектептер арасында ұйымдастырылған республикалық семинардың 2-ші күні – еліміздің білім беру саласындағы маңызды тақырыптар талқыланды. Семинар спикерлері “Жайлы мектеп” жобасын дамытудағы негізгі бағыттар, педагогикалық ұжымдардың ынтымақтастығы мен қолдауын қамтамасыз етудің алғышарттарымен таныстырды.
🔹 Іс-шараның басты баяндамашылары мен тақырыптары:
Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы – ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің төрағасы
Тақырыбы: «Жайлы мектеп: идеядан іске асыруға дейін»
Жобаның идеялық негіздері мен оны іске асыру стратегиялары талқыланды. Спикер “Жайлы мектеп” жобасының қоғам үшін маңыздылығын атап өтіп, оның оқушыларға сапалы білім беру процесін жақсартудағы рөлін түсіндірді.
🔸 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті «Лицензиялау мәселелері» тақырыбында құнды ақпаратпен бөлісті. Лицензиялау талаптары мен білім беру сапасын арттыру тетіктері туралы сөз қозғалды. Мектептердің сапалы жұмыс істеуі үшін лицензиялау процестерінің айқындығы мен олардың маңызы түсіндірілді.
🔸 Шилибекова Айдана Сенбекқызы – «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы – эгалитаризм идеяларының мектептердегі тең мүмкіндіктер мен әділеттілік қағидаларын қалыптастырудағы орны туралы сөз қозғады. Айдана Сенбекқызы білім беру жүйесіндегі барлық қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.
🔸 Қаратабанов Руслан Әділханұлы – Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті
Тақырыбы: «Мазмұн арқылы жүзеге асырылатын «Жайлы мектептер» жобасының негізгі ережелері (МЖБС)»
Мектеп бағдарламаларын жақсарту, оқушылардың білім сапасын арттыру және жаңа білім стандарттарын енгізу мәселелері жан-жақты талқыланды.
🔸 Асамиданова Гүлдана Ибрайкенқызы
Қарағанды қаласындағы «Жайлы мектеп» директоры
Тақырыбы: «Жайлы мектептер» тұжырымдамасын жүзеге асырудағы алғашқы қадамдар»
Жобаның алғашқы нәтижелері мен мектептегі жаңа әдістердің тәжірибелік қолданылуы туралы мәлімет берілді.
