ЖАҢАЛЫҚТАР

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзия жағдайындағы үздік педагогикалық тәжірибелер

2023 жылдың 1 маусымында Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты педагогтер, ата-аналар және мектепке дейінгі білім беру жүйесінің басшылары үшін «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектепке дейінгі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру» тақырыбында  облыстық семинар өткізді. Семинарға қатысушылар мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға арналған […]

Толығырақ

«ORDA» колледжінің студенттерімен тағылымды кездесу өтті

2 маусымда «ORDA» колледжінде «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бауыржан Елеусіновпен «Бүгінгі студент – ертеңгі маман» тақырыбында тағылымды кездесу болды. Білім ордасының 1-курс студенттері қатысқан кездесу кешінде ғалым-ұстаз еліміздің білім саласында жасалып жатқан реформаларға тоқталып, ел болашағы – жастардың ақылы мен ой-парасатының жетілуі, оқудың қажеттілігі, білім алудың маңызы, уақытты тиімді пайдалану жайында келелі ойларымен […]

Толығырақ

«Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдеріне пәндік құзыреттілікті дамытуға арналған біліктілікті арттыру курсы жалғасуда

«Өрлеу» – Астана Кәсіби даму институты орта білім беру ұйымдарының «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдеріне пәндік құзыреттілікті дамытуға арналған біліктілікті арттыру курсын жалғастыруда. «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні педагогтерінің базалық және пәндік құзыреттіліктерін дамыту (5-9 сынып)» тақырыбындағы курстың тренері – Ғалымжанова Ф.Б.Курс барысында тыңдаушылар «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша нормативтік-құқықтық […]

Толығырақ

Химия мұғалімдері үшін вебинар ұйымдастырылды

Мамырдың 26-сы Өрлеу-Павлодар аға оқытушысы Жанар Слямова «Химия мұғалімінің пәндік құзыреттілігін дамыту» тақырыбында облыстық вебинар ұйымдастырды. Іс-шара курстан кейінгі қолдау аясында өтті. Оған 2022 жылы біліктілігін арттырған химия пәнінің 30-ға жуық мұғалімі қатысып, курс барысында алған білімін іс-жүзінде өз жұмысында қалайша қолданғанын, жаңа әдістемелері мен сабақ өткізудің ерекше әдістерімен бөлісті. Мысалы «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің […]

Толығырақ

Мемлекеттік тілді меңгерту:  балабақшадағы сәтті жоба

Кәсіби даму институтында халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен оқытушылардың жетекшілігімен жүргізіліп жатқан іс-тәжірибені насихаттау, тарату  мақсатында ү.ж. 30 мамырында Тараз қаласының №22 бөбекжай-бақшасында «Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын қызметіндегі қазақ тілі»тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар аясында Эстония тәжірибесіне негізделген мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытудың тиімді технологиясы ретінде «Тілдік ортаға ену» әдістемесі бойынша іс-шаралар […]

Толығырақ

«Педагогикалық идеялар панорамасы»дәстүрлі республикалық бейне-сабақтар мен бейне -дәрістер байқауының қалалық кезеңіне қатысу бойынша кездесу өтті

Өрлеу – Астана 29 мамырда №93 мектеп-лицей базасында біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларына «Педагогикалық идеялар панорамасы»дәстүрлі республикалық бейне-сабақтар мен бейне -дәрістер байқауының қалалық кезеңіне қатысу бойынша кездесу өткізді.Жиын барысында директордың м.а. Есжанова Г.М. байқау өткізудің ережесімен, бейнематериалды рәсімдеуге қойылатын негізгі талаптарымен және конкурстың міндеттерін түсіндіріп, конкурсқа қатысу бағыттарымен таныстырды. Педагогтер бейне-сабақ сюжетінің құрылымы мен монтаждау ерекшеліктері, […]

Толығырақ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ – 2023

Құрметті әріптестер!«Өрлеу» Астана филиалы жыл сайынғы «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» бейне-сабақтар және бейне-дәрістер республикалық байқауының аймақтық кезеңіне қатысуға өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда.Конкурсқа қатысуға меншік нысанына қарамастан барлық үлгідегі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері шақырылады. Байқауға қатысу біздің аймақтың педагогтеріне өз тәжірибесімен, кәсібилігімен және педагогикалық идеяларымен бөлісуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз.Сіздердің өтінімдеріңіз бен педагогикалық идеяларыңызды күтеміз!«Педагогикалық […]

Толығырақ

                   Ашық есік күні өтті

Бүгін 26 мамыр күні Оралдағы «Өрлеу» Кәсіби даму институтында педагогикалық мамандықтарды тәмамдағалы отырған студенттерге арналған «Ашық есік» күні өтті.  Шараның мақсаты жас мамандарды педагогтердің біліктілігін арттыру институтының қызметі, мақсат-міндеттерімен таныстыру, ұжымдық ортаға бейімдеу болды.   Басқосуды институт директоры Софья Измуханбетова алғы сөзбен ашып, біліктілікті арттыру институтының қызметіне тоқталды. Бұдан әрі қызметкерлер институттың оқу-әдістемелік үдерісімен таныстырып […]

Толығырақ

Біліктілікті арттыру курстары басты назарда

Астана қаласының математика пәні мұғалімдеріне арналған «10-11 сыныптар математика курсының күрделі тақырыптарын оқытуда математика мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы жалғасуда.Курс тыңдаушылары 10-11 сыныптарда оқытылатын тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер және оларды шешу әдістері, GeoGebra қосымшасының көмегімен салуға арналған геометриялық есептерді шешу жолдарын айқындап, тәжірибемен бөлісуде. Мұғалімдер курсқа белсенді қатысуда.

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар