ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда алғаш рет шағын жинақты мектептерде оқу процесін цифрландыру курстары басталады

Тамыздың 14-і Қазақстанда алғаш рет шағын жинақты мектептерде оқу процесін цифрландыру курстары басталады. Оларға еліміздің 6 өңірінен: Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 5 000-нан астам педагог қатысады.📊🏫 Курстар бағдарламасы білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында шағын жинақты мектептер басшыларының басқару дағдыларын жетілдіруге, шағын жинақты мектептер педагогтерінің қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар, оның […]

Толығырақ

Орта білім беру ұйымдарының ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған курс басталды

14 тамызда «Өрлеу» – Астана Кәсіби даму институты орта білім беру ұйымдарының ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған пәндік құзыреттілікті дамыту мақсатында «5-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы шеңберінде күрделі тақырыптар бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімінің пәндік құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбында курс басталды. Курс ағылшын тілі пәнін оқытудың заманауи технологиялары мен эмоциялық зиятты дамыту стратегиялары негізінде мұғалімдердің ағылшын тілі […]

Толығырақ

Ашық сұхбат

Ү.ж. 10 тамыз күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасының орынбасарлары С.Р.Умербекова мен А.Ә.Есенжаров Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтында  болып, институт  қызметкерлерімен кездесу өткізді. Облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы М.А.Өмірбектің қабылдауында болып, білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Мектепке дейінгі білім мекемелерінің  логопедтері  мен орта білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне […]

Толығырақ

Облыс мұғалімдері арасында «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауын насихаттау жалғасуда

Үстіміздегі жылдың 8 тамызында Тараз қаласының №18 бөбекжай-бақшасының базасында «Мектепке дейінгі ұйымдағы сөйлеу тілі бұзылған балаларға логопедиялық көмек және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жүйесі» тақырыбындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының логопедтеріне арналған біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына байқау туралы кеңес өткізілді. Кездесу барысында байқауды өткізу ережесі туралы ақпарат, байқауға қатысуға өтінім беру және бейне жұмыстарын әзірлеуге қойылатын […]

Толығырақ

Педагогикалық идеялар панорамасы-2023

Құрметті педагогтер, асығыңыздар! Сіздерді мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта біліммен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарына арналған «Педагогикалық идеялар панорамасы-2023» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсына қатысуға шақырамыз. Конкурс мақсаты – пәнаралық негізде білім алушылардың ерте/ функционалдық сауаттылығын дамыту саласында педагогтердің өзара іс-қимылының заманауи педагогикалық тәжірибесі мен үздік практикаларын жалпылау және танымал ету.

Толығырақ

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуде дефектолог- мұғалімдердің түзету-дамыту қызметін оңтайландыру

«Өрлеу –Маңғыстау» филиалының кітапханасы қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуде дефектолог- мұғалімдердің түзету-дамыту қызметін оңтайландыру» тақырыбындағы дефектолог-мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына кітап көрмесін ұйымдастырды. *******************************

Толығырақ

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуде дефектолог-мұғалімдердің түзету-дамыту қызметін оңтайландыру

31.07-10.08 аралығында «Өрлеу-Маңғыстау» филиалында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дефектолог-мұғалімдеріне арналған «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуде дефектолог-мұғалімдердің түзету-дамыту қызметін оңтайландыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтуде. Оқу бағдарламасы-баланың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалынған. Курс барысында сөйлеу қабілеті бұзылған балаларда сөйлеудің барлық компоненттерін қозғайтын және танымдық іс-әрекеттің […]

Толығырақ

Ғылыми-әдістемелік журналдың кезекті басылымдары жарияланды

Әріптестер! Біз сіздерге “Педагогикалық альманах” республикалық ғылыми-әдістемелік журналының 88, 89-нөмірлерінің (2023 жылдың №2, №3) жарияланғанын қуана хабарлаймыз. Журналдың мақсаты: мәдениеттану, гуманистік миссияны жүзеге асыру, ғылым мен білім құндылықтарын тарату, ақпараттық-білім беру кеңістігін құру. Міндеттері:білім беру мәселелері бойынша қоғамдық пікір қалыптастыру;педагогикалық қоғамдастықтың бірлестігі, диалог пен пікір плюрализмі үшін ашық кеңістік құру; тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету; […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар