ЖАҢАЛЫҚТАР

«Рабиға Сыздықова және тіл мәселелері» тақырыбында студенттердің Республикалық ғылыми-зерттеу жобалар байқауы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы Ақтөбе гуманитарлық колледжімен бірлесіп, 2023 жылдың 6 сәуір күні аталған колледждің 100 жылдық мерейтойына орай «Рабиға Сыздықова және тіл мәселелері» тақырыбында студенттердің Республикалық ғылыми-зерттеу жобалар байқауын өткізетіндігін хабарлайды. Байқау жұмыстары мен сұраныс otdel.metodista@mail.ru электронды поштасына 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін қабылданады. Байланыс телефоны: 87023438545

Толығырақ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРХАНАЛАР ӘРЕКЕТТЕ

2023 жылғы 24 наурызда “Өрлеу” Павлодар филиалында оқушылардың негізгі және пәндік құзыреттіліктерін (функционалдық сауаттылығын) қалыптастыруға ықпал ететін тапсырмаларды әзірлеу бойынша шығармашылық топ қатысушыларына арналған “Педагогикалық шеберханалар” атты семинар-практикумы өтті. Семинарға Павлодар облысы мектептерінің 32 мұғалімі қатысты. Семинардың мазмұны құзыреттілік тәсілінің негіздеріне, мұғалімдердің оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз ететін білім беру ортасын құруға негізделген. […]

Толығырақ

«Lesson Study – сабақты зерттеу тәсілі» тақырыбындағы семинар

Өрлеу Республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушылары Жартынова Жанар, Арзымбетова Салтанат, Байболова Гүлжанат, Жақсым Орынбек, Көмекова Сандуғаш Алматы қаласы Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясының ұжымына «Lesson Study – сабақты зерттеу тәсілі» тақырыбында семинар өткізіп қайтты. Семинарда бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру, оқыту үшін бағалау […]

Толығырақ

“Экологиялық білім беру және ағарту жүйесіндегі аймақтық компонент – 2023”

2023 жылдың 24 наурызында ШҚО бойынша “Өрлеу” филиалы Оқу-зерттеу экобиоорталығымен бірлесе «ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ АҒАРТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЙМАҚТЫҚ КОМПОНЕНТ – 2023» дәстүрлі ХХІІ аймақтық педагогикалық жаратылыстану-ғылыми конференциясын өткізді. Шығыс Қазақстан облысының экологиялық білім беру және ағарту жүйесіне аймақтық компонентті енгізу негізінде педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту – осы жыл сайынғы конференцияның басты мақсаты. Пленарлық отырыста филиал […]

Толығырақ

Тәлімгерлік мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

«Кәсіби көмек: білім беруде тәлімгерлікті қалай ұйымдастыруға болады?» тақырыбымен Оралдағы «Өрлеу» институтында 24 наурыз күні дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға институт директоры Софья Измуханбетова, институт директорының орынбасары Күміс Байкатова, Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Айдарбек Айтбукешев, БҚО Білім беру орталығының директоры Гүлмира Кубашева, “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы ” филиалының тренері Гүлмира Капанова және жалпы білім […]

Толығырақ

«Тәлімгерлік жүйесі: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында облыстық семинар өтті

  «Өрлеумен бірге өрле!»  тәлімгерлік институты жобасы аясында Оралдағы «Өрлеу» институтында «Тәлімгерлік жүйесі: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында облыстық семинар өтті. Іс-шараға институт директоры Софья Измуханбетова, институт қызметкерлері, аудандық мектептерден тәлімгер-ұстаздар және  жас мамандар қатысты. Жас маманның кәсіби қалыптасуындағы тәлімгерліктің маңызы, жас маманның теориялық білімін, білігін практикамен ұштастырып, кәсіби шеберлігін ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған шараға институтта […]

Толығырақ

Қала мектептерінің мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті

24 наурызда «Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтының тренерлері «Әдістемелік орталық» әдіскерлерімен бірігіп № 50 Райымбек батыр атындағы Қазғарыш мектебінде қалалық семинар өткізді. Семинарға елорда мектептерінің екі жүзге жуық директорларының орынбасарлары және мұғалімдері қатысты. Жиын барысында жаратылыстану және гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі М.Хабат «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары 9-қосымшасы «Сабақтарды бақылау парағы» тақырыбын […]

Толығырақ

Физикадан пәндік олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары

Педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыруға бағытталған «Физикадан пәндік олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбындағы семинарда облысымыздың физика пәні мұғалімдері бас қосты. Семинар жетекшісі Ақмарал Изтлеуова мұғалімдердің кәсіби дағдыларын жетілдіру жолдарына тоқталып, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау, оларды қолдау және ынталандыру тәсілдерін атап көрсетті. Семинар спикерлері М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған […]

Толығырақ

Жаратылыстану пәндеріне PISA тапсырмаларын кіріктіру

Ағымдағы жылдың 24 наурыз күні  Институт оқытушылары Назира Абдикеримова мен Аманкуль Есмырзаева Меркі ауданындағы Асанбай Асқаров атындағы мектеп- гимназиясының педагогтеріне оқу-әдістемелік процесті жетілдіру және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерге PISA тапсырмаларын кіріктірудің тәсілдері» тақырыбында  onlіnе семинар  өткізді. Семинар барысында қатысушылар PISA-халықаралық зерттеуінің тапсырмаларын жаратылыстану бағытындағы пәндердің тапсырмаларына кіріктірудің тәсілдері мен жолдарын талқылады. Оқу, […]

Толығырақ

«Инклюзивті білім беру жағдайындағы психологиялық-педагогикалық қолдаудағы ерекшеліктер» тақырыбында семинар-тренинг

Семинар-тренинг мақсаты: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудағы педагогтердің құзыреттілігін арттыру[…]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар