ЖАҢАЛЫҚТАР

Тәжірибе алаңының 20 жылдығы қорытындыланды

Биыл шығармашыл мұғалімдердің Тәжірибе алаңына – 20 жыл. Республикада аналогі жоқ, ең құнды, маңызды жоба Қызылорда облыстық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің демеушілігімен жыл сайын Жаңақорған шипажайында тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл форма 2002 жылы бастау алды, қазіргі таңда дәстүрге айналған шығармашыл мұғалімдердің өзекті мәселелер төңірегінде ой бөлісулеріне бағытталған бас қосуы. Оған жыл сайын […]

Толығырақ

3-күн: Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жолдары

Тәжірибе алаңының үшінші күні мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған «Кәсіби құзыреттілікті дамыту: мүмкіндіктер, тәжірибе мен стратегиялар» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференциямен басталды. Ғылыми-практикалық конференция білім беру ұйымдарында білім беру жүйесін жаңғырту және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, озық тәжірибелерімен алмасу, инновациялық идеяларды, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, технологияларды, тәсілдерді қолдану және талдау мақсатында өткізілді. Мектептегі білім беру үдерісіне жаңаша оқыту […]

Толығырақ

2-күн: Идея мен тәжірибе алмасудың кәсіби алаңы

Тәжірибе алаңының екінші күні атқарылған кезекті жұмыстарға тоқталайық. Педагогикалық идеялар аукционы Тәжірибе алаңына қатысушы мұғалімдердің идеяларын ортаға салу, ұтымды идеяларды қолдау, педагогикалық идеялар арқылы мұғалімдер тәжірибесіне оң ықпал етуді көздейтін «Педагогикалық идеялар аукционы» өткізілді. Аукционға келіп түскен шығармашыл мұғалімдердің идеялары мен жобалары сарапталып, үздік жұмыстар анықталды. «Үздік коучинг – 2023» кәсіби байқауы Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі […]

Толығырақ

1-күн: Тәжірибе алмасудың ашық алаңы

Тәжірибе алаңының бағдарламасында үш күн бойы түрлі бағыттар бойынша өткізілетін шеберлік сыныптары, кәсіби байқау, ғылыми-тәжірибелік конференция, танымдық ойындар, тренингтер, сауық кештері және т.б. іс-шаралар жоспарланған. Шығармашыл мұғалімдердің басын қосқан алаңның 1-ші күні шеберлік сыныптармен басталды. «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының тренерлері Жанар Жубауова «STEM тәсілі 5Е циклы негізінде», Ұлтай Ешимова «Нәтижеге бағытталған топтық жұмысты басқару», […]

Толығырақ

Action research – іс-әрекетте зерттеуді жүргізу

2023 жылдың 9 және 20 қаңтары аралығында Өрлеу Республикалық кәсіби даму институты (РКДИ) оқытушыларының құзіреттілігін дамыту мақсатында «Білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтарының күнделікті педагогикалық қызметінде Action Research, Lesson Study, Learning Study әдістерін қолданудың теориясы мен тәжірибесі» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтуде. Курс барысында іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу жолдарын, педагогикалық кезең әдістемесін жетілдіру бойынша жолдары […]

Толығырақ

Блум таксономиясы-оқу жетістігін бағалау әдістемесі

Институт аға оқытушысы Ақмарал Изтлеуованың ұйымдастырумен 19 қаңтар күні облыс педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Блум таксономиясы-оқу жетістігін бағалау әдістемесі» тақырыбында семинар өткізілді.Семинар барысында педагогтер қысқа мерзімді жоспарды Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмаларға негіздей жасауды қарастырды және топтық жұмыста «Топтық жұмыста Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіруге болады ма?», «Дескриптор дегеніміз […]

Толығырақ

Мектеп кітапханаларында медиа және ақпараттық сауаттылықты дамыту жолдары

Мектеп кітапханасы бүгінгі жаңартылған білім мазмұнының ресурстық орталығы. Оның өскелең ұрпақтың талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту тұрғысында алатын орны ерекше.Медиа-ақпараттық сауаттылықты ілгерілету барлық кітапханалар қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы орайда институтымыздың кітапхана қызметкері Нұргүл Ермекованың ұйымдастыруымен 18-19 қаңтар күндері «Мектеп кітапханаларында медиа және ақпараттық сауаттылықты дамыту жолдары» атты облыстық семинар […]

Толығырақ

Технологияларды пайдаланатын студенттерге арналған цифрлық азаматтық және өзін – өзі бақылау

Біз технологиямен анықталатын әлемде өмір сүріп жатырмыз. Академияда және сайып келгенде мансапта жетістікке жету үшін барлық студенттер Цифрлық әлемде қауіпсіз және жауапкершілікпен шарлауды үйренуі керек. 2023 жылғы 19 қаңтарда өткізілген “Технологияларды пайдаланатын студенттерге арналған цифрлық азаматтық және өзін – өзі бақылау” семинарында ағылшын тілі оқытушылары бүгінгі оқытудың басты сұрақтарына жауап алды.Цифрлық азаматтықтағы білім студенттерге цифрлық […]

Толығырақ

Оқушылардың креативті ойлау қабілетін дамыту

2023 жылдың 19 қаңтарында жалпы білім беретін мектептің бастауыш класс мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың креативті ойлау қабілетін дамыту» тақырыбында online форматында семинар өткізілді.Семинардың мақсаты: білім беру барысында оқушыларға арналған тапсырмаларды креативті тұрғыда құру және жіберілетін қателіктерді болдырмау жолдарын қарастыру.Шараға қатысқан білікті ұстаздар мен жас мамандар семинардан көптеген жаңалықтармен танысып, өзара пікір бөлісті. Семинар спикері, тренер Жанар […]

Толығырақ

“Педагогтердің кәсіби даму перспективалары” тақырыбында вебинар-кеңес өтті

18 қаңтар күні Оралдағы «Өрлеу» институтында “Педагогтердің кәсіби даму перспективалары” тақырыбында вебинар-кеңес өтті. Вебинар кеңеске институт директоры Софья Измуханбетова,  БҚО білім беруді дамыту орталығының директоры Гүлмира Кубашева, облыстық білім басқармасының өкілдері, қалалық, аудандық білім беру бөлімінің меңгерушілері мен әдіскерлер, институттың Кәсіби білім беру кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.          Басқосуда институттың  2023 жылға арналған курстық және […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар