ЖАҢАЛЫҚТАР

География сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру 

Өрлеу Алматы аға оқытушысы Әсел Сабиханова 2025 жылдың 24-28 ақпаны аралығында Петропавл қаласындағы Өрлеу СҚО филиалында «943 – елдегі мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында мақсатты мектептердің педагогтеріне арналған базалық деңгейдегі курстар өткізді.   Оқушылардың тек фактілерді жаттап қана қоймай, карталармен саналы түрде жұмыс істеуіне, деректерді талдауға және шешім қабылдауға қалай көмектесуге болады?  Географиялық тапсырмалар арқылы зерттеу дағдыларын […]

Толығырақ

Бастауыш мектепте оқушылардың зерттеу жұмысын дамыту: теория және практика

Қазіргі білім берудің маңызды міндеті баланы ізденуге, зерттеу дағдылары мен дағдыларын игеруге үйрету болып табылады. Зерттеуді оқытудың басты мақсаты – баланың өз бетінше дайындығы мен қабілетін қалыптастыру, адамзат мәдениетінің кез келген саласында жаңа іс-әрекеттерді шығармашылықпен игеру және қайта құру. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында балалардың бойында дамытылуы қажет кең ауқымды дағдылардың бірі – зерттеу […]

Толығырақ

«Е. Бекмахановтың тарихи тағылымы: ұлт тарихы және ұлттық құндылықтар» атты республикалық педагогикалық оқулар қорытындыланды

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында аса көрнекті қайраткер, ғалым Ермұхан Бекмахановтың 110 жылдығына арналған «Е.Бекмахановтың тарихи тағылымы: ұлттық тарих және ұлттық құндылықтар» тақырыбындағы Республикалық педагогикалық оқулары өтті. «Бекмаханов оқулары» білім алушылардың білім сапасын арттыруға ықпал ететін өзекті педагогикалық тәжірибені, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін тарату мақсатында өткізілді. Республикалық педагогикалық оқулар жұмысына еліміздің әр өңірінен […]

Толығырақ

Қасым хан және Қазақ хандығы мемлекеттілігі сабақтастығы және тарихи мұра

🏛️ Алматы облысында «Қасым хан және Қазақ хандығы мемлекеттілігі сабақтастығы және тарихи мұра» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференции өтті. 🔍 Шараға аймақтың тарихшы ғалымдары, білім беру саласының өкілдері мен жас зерттеушілер қатысты. 📜 Конференция аясында Қазақ хандығының мемлекеттілік дәстүрі, Қасым хан тұсындағы саяси-экономикалық дамуы және тарихи мұраның қазіргі ұрпаққа сабақтастығы кеңінен талқыланды. 🗺️ Конференцияға Өрлеу Алматы […]

Толығырақ

Ілгерінді деңгей курстарын ұйымдастырып, өткізуге арналған оқыту семинарлары басталды

«Өрлеу» филиалдарында мақсатты мектеп педагогтері үшін ілгерінді деңгей бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастырып, өткізуге бағытталған курс жетекшілерінің оқыту семинарлары жалғасуда. «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында «Тарих сабағы: позитивті эмоционалды өзара әрекеттесуді құру тәжірибелері» біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасының негізгі ережелері» тақырыбында курс жетекшілерінің 1-оқыту семинары ұйымдастырылды. Оқытушыларды білім беру бағдарламасы, оның мақсаттары, міндеттері және […]

Толығырақ

«Мақсатты мектептер» жобасы аясында әдістемелік қолдау көрсету шаралары жалғасуда

«943 – елдегі мақсатты мектептерді дамыту» немесе «Мақсатты мектептер» жобасы педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, олардың заманауи педагогикалық әдістерді меңгеруіне және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған. Жыл басынан бері «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында мектеп педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету шаралары жалғасып келеді. Филиал жоспарына сай Қызылорда облысы, Арал және Қазалы ауданындағы мақсатты мектептердің орыс тілі мен […]

Толығырақ

Биология пәнін оқытудағы интеграция

Бүгін Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Дариға Қартбаева Талғар ауданы, Кеңдала ауылындағы №42 орта мектебінде «Биология пәнін оқытудағы интеграция: функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Семинарға Алматы және Жетісу облысының биология пәні мұғалімдері қатысып, оқытудағы пәнаралық байланыстардың маңызын, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру әдістерін талқылады. Баяндамалар: 📌 Балым Кошиева […]

Толығырақ

«Мақсатты мектептер» жобасы аясында әдістемелік қолдау жұмыстары жалғасуда

Еліміздің әр өңірінде «Баршаға қолжетімді сапалы білім» атты Ұлттық баяндама негізінде енгізілген «Мақсатты мектептер» жобасы ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыруға, олардың заманауи педагогикалық әдістерді меңгеруіне және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған. Жоба аясында Өрлеу филиалдарында педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, оқу үдерісін жетілдіру бағытында әдістемелік семинарлар мен шеберлік сыныптары өткізіліп келеді. 21 ақпанда Қызылорда облысы, Арал ауданындағы […]

Толығырақ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті

2025 жылдың 21 ақпан күні«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының «Педагогика және пәндік әдістер»  кафедрасының аға оқытушылары Есентаева Айжан Идрисовна мен Ибраева Жанар Мухаметкалиевна  Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасымен бірігіп, педагогтерді курстан кейінгі қолдау әрекеті жоспарына сәйкес  «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушының цифрлық   дағдыларын дамыту» тақырыбында […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар