ЖАҢАЛЫҚТАР

«IN TREND» аясында №125 Халықаралық мектептің директоры Абдуллах Иылдырайдың қатысуымен кездесу өтті.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 2-сі күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының оқытушыларына арналған «IN TREND» онлайн корпоративтік оқу бағдарламасы аясында Тараз қаласындағы №125 Халықаралық мектептің директоры Абдуллах Иылдырайдың қатысуымен кездесу өтті.Оқудың тақырыбы — «21-ғасыр білімі: өткенннен болашаққа сапар»— қазіргі білім берудің ең өзекті бағыттарын қамтыды.Спикер Сингапурдың білім беру жүйесіне жан-жақты тоқталды. Бұл модельдің ерекшелігі — […]

Толығырақ

Құсиын Айтқалиұлының педагогикалық мұрасы туралы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы жарық көрді

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Халық мұғалімі, көрнекті ағартушы, педагог Құсиын Айтқалиұлының туылғанына 95 жыл мерейтойына арналған «Құсиын Айтқалиұлының педагогикалық мұрасы, заманауи білім мәселелері: бүгіні мен болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жинағы жарыққа шыққанын қуана хабарлаймыз. Бұл жинаққа Құсиын Айтқалиұлының білім беру саласындағы жаңашыл көзқарастары, практикалық ұсыныстары мен педагогикалық ұстанымдары жинақталып, бүгінгі білім кеңістігіне қосқан үлесі […]

Толығырақ

Өрлеуде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған облыстық семинар өтті

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында «Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудағы жаңаша көзқарас: функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинардың жұмысын институт директорының орынбасары Жалмұханова Балауса Хоныспайқызы ашып, функционалдық сауаттылықты дамытуға қатысты өзекті бағыттарды атап өтіп, қатысушыларға табысты жұмыс тіледі. Семинар барысында өңір педагогтері қазақ […]

Толығырақ

21 қараша 2025 жылы Өрлеу СҚО Ұлы ойшыл және философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орайластырлған «Абайдың «Толық адам» ілімі: білім беруде сананы жаңғырту» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті алаңында өткізілді.

Конференцияның мақсаты — Абайдың «Толық адам» ілімінің мазмұнын заманауи білім беру кеңістігі тұрғысынан пайымдау, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтарға негізделген оқытудың теориялық және практикалық аспектілерін талдау арқылы педагогтердің кәсіби және шығармашылық әлеуетін арттыру. Ауқымды шара барысына Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысқан ғалымдарды, оқытушыларды және педагог-практиктерді біріктірді: жалпы 150-ден астам қатысушы конференцияға қосылды оның ішінде 50-ге жуық педагог офлайн, 100-ден […]

Толығырақ

Қырғызстан Республикасының делегациясы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Қазақстанның тәжірибесімен танысты

Қырғыз Республикасының делегациясы Қазақстанға келіп, еліміздің білім беру жүйесін дамытудағы заманауи тәсілдермен, инновациялармен және озық тәжірибемен танысты. Делегация өкілдерін ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова қарсы алып, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа форматтағы мектептердің жұмысын таныстырды. Олар Алматы қаласындағы №214 «Келешек мектебінде» болды. Кездесу барысында Майра Мелдебекова Қазақстанның білім беру жүйесін дамытудың негізгі […]

Толығырақ

«Өрлеу келбеті» айдары

«Өрлеу» БАҰО 26 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан тренер Айдарбек Бәкіржан – Түркістан облысындағы көркем еңбек пәнінің аға оқытушысы. Педагогика саласындағы еңбек өтілі 38 жыл, педагогика ғылымдарының кандидаты. Айдарбек Бәкіржан қазақтың дәстүрлі қолөнерін жаңғырту бағытында табиғи материалдармен жұмыс істеуді оқушыларға үйретудің бірегей әдістемесін әзірлеген. Ұлттық тәрбие мен қолданбалы өнерді білім беру процесіне кіріктіру бағытындағы […]

Толығырақ

«Өрлеу» мен British Council ынтымақтастық басымдықтарын айқындады

«Өрлеу» БАҰО-да Британдық Кеңестің Орталық Азия бойынша өңірлік жетекшісі Майкл Холгейт және British Council Kazakhstan директоры Роберт Тэйлормен кездесуі өтті. Бұл – Майкл Холгейттің Қазақстанға алғашқы жұмыс сапары.Кездесу барысында қонаққа орталықтың қызметі, негізгі бағыттары және педагогтердің біліктілігін арттыруға арналған бағдарламалары таныстырылды. Тараптар қазіргі бірлескен жобаларды талқылап, жаңа ықпалдастық перспективаларын қарастырды. Олардың қатарында ағылшын тілі мұғалімдерін […]

Толығырақ

6 мыңға жуық педагог қаржылық сауаттылығын арттырды

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында мұғалімдер мен оқушылардың қаржылық сауаттылығын күшейтуге бағытталған ауқымды жоба жалғасуда. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ҚР Ұлттық банкі бірлесіп жүзеге асырған бағдарлама бойынша биыл жоспарланған курстар толық аяқталды. Келесі жылы тағы шамамен 4 мыңға жуық педагог оқытудан өтеді. Оқу бағдарламасы қаржы және білім беру саласындағы […]

Толығырақ

Қаржылай сауаттылық курсы өз мәресіне жетті!

Ұлттық Банк, Оқу-ағарту министрлігі және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы бірлесіп іске қосқан қаржылай сауаттылықты арттыру жобасының биылғы кезеңі сәтті аяқталды.Жоба аясында республика бойынша 10 мыңға жуық мұғалім қамтылып, педагогтердің экономика негіздері, қаржылық сауаттылық және жеке деректердің қауіпсіздігі бойынша дағдылары күшейтілді.Биыл:• заманауи оқыту әдістемелерін меңгерген Ұлттық Банктің 100 қызметкері, соның ішінде Қостанай облысы бойынша 5 […]

Толығырақ

«Білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні қолдану: тиімді тәжірибелер мен инновациялық тәсілдер» тақырыбында республикалық вебинар өтті

2025 жылдың 28 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты және Алматы облысы, Іле ауданындағы «Montessori Academy» жекеменшік мектебі бірлесе отырып, «Білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні қолдану: тиімді тәжірибелер мен инновациялық тәсілдер» тақырыбында республикалық вебинар өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру үдерісінде жасанды интеллект (AI) технологияларын тиімді қолдану мүмкіндіктерін көрсету, педагогтердің […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар